Парадокс


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


"Ғажайыпты" іздеген жан)
📕 Жазған әңгімемнен үзінділер
😱 Парадоксальді ойлар
📝 Кітап талқы
🥲 Сарказм
Психология және эмоциональды интеллект)

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Мықты бір оқырман тауып алдым)


Сіздің "Трейдер күнделігі" атты әңгімеңізді оқып шықтым. Бұл әңгіме өзінің терең мазмұнымен және оқырманға әсер ету күшімен ерекше. Міне, бірнеше маңызды аспектілер мен ойлар:

Шығарманың ерекшеліктері:
Тақырып пен стиль:

- Заманауи экономикалық және әлеуметтік мәселелерді қозғайды, соның ішінде криптовалюта, трейдинг, және олардың адамдардың өміріне әсері.
- Жеке күнделік форматындағы жазу тәсілі оқырманды кейіпкердің ішкі дүниесіне жақындатып, оқиғаны терең сезінуге мүмкіндік береді.

Кейіпкердің ішкі жан дүниесі:

- Негізгі кейіпкердің қобызбен "сөйлесуі" және оның ой-толғаулары әңгімеге тереңдік береді. Бұл символизм кейіпкердің жалғыздығы мен үмітін айқын бейнелейді.
- Қарыз, үміт, және өмірлік мақсаттар арасындағы күрес шынайы әрі өмірден алынғандай.

Моральдық-этикалық сұрақтар:

Ақша мен адамның психологиясы арасындағы күрделі байланыс зерттеледі.
Өмірдің тұрақсыздығы және қоғамдағы материализм сынға алынады.
Сюжет құрылымы:

Қарапайым басталып, шиеленісе түседі. Тергеу элементтері оқиғаға интрига қосады.
Ақырғы драмалық шешім оқырманды терең ойға жетелейді.

Жақсартуға болатын тұстары:
Кейіпкерлердің тереңдігі:
- Қосымша кейіпкерлерді неғұрлым жан-жақты бейнелеу оқиғаның эмоционалды әсерін арттыруы мүмкін.
- Символизмді дамыту:
- Қобыз және трейдинг арасындағы байланысты тереңдете түссе, туынды оқырманға жаңа қырынан ашылуы мүмкін.

Тілдік стиль:
- Кейбір тұстарда поэтикалық тіл мен нақты бейнелерді күшейту әңгіменің эмоционалды әсерін арттырады.

Қорытынды:
"Трейдер күнделігі" қазіргі заманғы өмірдің күрделі қырларын ашатын маңызды шығарма. Ол оқырманды өз өміріне, шешімдеріне және құндылықтарына басқа қырынан қарауға итермелейді. Сіздің стиліңіз бен тақырыпқа терең көзқарасыңыз ерекше және оны одан әрі дамыту үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенімдімін.




Осыны бір көріп шығып, талқыласақ қайтеді?




Каналды тастап кеткеніме ұялып жүрмін)


Бірдеңе жазу керек еді)


https://youtu.be/-nJ2uZkWKLY?si=3PV7PTWpztNEoJY_

Рахат. Прям рахаттанып қалдым.

Әннің сөзі қандай терең! Музыкасы соншалықты жайлы!
Орындаушысы шебер!

Мұндай үйлесім сирек қой.


2023-ті жалғыз қарсы алдым. 2024-ті үшеу болып қарсы аламын. Анау инфобизнесмендердің табысыңды 2-3 есе өсір дегендері осындай бола ма, ағайын?)


Репост из: KitapGalam
Әулие Мұқағали

1⃣ бөлім. Құшынаштардың көбеюі жайлы

Ех, қайран Мұқағали, әулие екенсің ғой. Жан дүниесі тау суындай мөлдір, періштедей пәк, күзгі жапырақтан да нәзік адамның әулие болмауы да мүмкін емес шығар. Халықты елітетін де, еліктіретін де өлеңдеріңнен есіп тұратын сендегі тазалық пен арға шомылған аппақ ниет деп ойласам да, әулиедей тап басып мына мен өмір сүрген ғасырға сәйкес мірдің оғындай нысанасын дәлдеп тиген жырларың ойлантпай қоймады. Арзан мен қымбаттың құнын білмейтін, әдемілігіне ғана тамсанып бас шайқап, тереңіне бойлай алмай жатқан келер ұрпақ сені түсінер ме екен?
"Осымыз қалай? Жырымыз неге тым арзан?
Арнау жазбасақ шықпайтын болдық құмардан.
Қырсығы тимес, қысқарсын «фабрикалар»,
Арзан бағамен арнау өлеңдер шығарған"
Ақын - өлең шығаратын фабрика емес. Өлеңнің өзі де, терең мағынасы да, барлық бітім-болмысымен көктен төгіліп түсетінін түсінген ақын, ол - ақын. «Өлеңінің бірі құрау, бірі сұрау болса» құшынаштан айырмасы аз. Сөздің қадірі қашқан заманда түсінбеді деп реніш білдіруіміз де бекершілік пе деп күмәндана қаласың. Бізде өлеңі түкке тұрғысыз болса да, арқасынан қағып «Әп, бәрекелді» деп қолпаштау қатты дамыған. Содан болар олардың кеудесіне нан піскені сонша, мына ғасырдағы жалғыз ұлы ақын өзі сияқты сезінуі мүмкін. Ал жазатыны арзан өлең. Мұқағали соны сезбеді дейсіз бе? Сезді. Қарсы тұрды. Күресті. Сойып айтты. Ешкімге жақпады.
"Қалай да айтарымды айтып өлем,
Айта алмасам жасайды қайтіп өлең?
Тәңірім мені қоңсы қондырмағай,
Тіл білмес диуана, шайқыменен"
Тілегі тез қабыл болған ба дерсің? 1975 жылы жазыпты мына өлеңін. Қымбаттың құнын білмей, түсінуге өреміз жетпей, арзанды қымбат деп ұрынатынымызды білді. Кейде әлеуметтік желілерден арзан өлеңдердің танымал болып жатқанын көріп, көп ешкім түсінбейтін, архивтерде шаң басқан нағыз өлеңдерге жаным ашиды. Біз дарынсыздарды талант деп ұғып, дарындыларды өзекке тебетін ұлтқа айналдық. Дарындыларды бағалау үшін бізге кемі ширек ғасыр, дәл айтқанда жарты ғасыр керек. Ол өлуі керек. Содан кейін ғана біз шырылдай бастаймыз. Бағасын білмедік, өйту керек еді, бүйту керек еді деп. Иә, қазір бәрінің аузында Мұқағали. Тіпті мықты өлеңдерді авторын білместен Мұқағалидікі деп тарата беретін болдық. Жан баласынан қолдау таппай шырылдап ерте үзіліп кетті. Ендігі кезек кімде екен? Қызық... Бір ширек ғасырдан кейін тірі кезінде көрмеген құрметті көрсетіп, қазіргі ақындардың қайсысын аузымыздан тастамай аңыз қылар екенбіз?
Ақынның сөзі алтыннан құнды келетін,
Арзандап кеттік, ағайындар-ау, неге тым?
Құшынаш болып кетпесек біздер жарады,
Көрінген жанға ішірткі жазып беретін.

2 бөлімін күтеміз бе? 👇


Қайта оралам жақында)

Біраз қазына тауып алдым. Интернетте кездеспейтін кітаптар.

+ Кітапталқы жасайтын орта құрсам деп ойлап отырмын. Ақылы болады, бірақ


Адам - өз пәлсапасының құрбаны немесе жемісі.


Ақындық - алдымен мида, одан кейін ойда, жүректе. Ұйқасқа құл болғандар ақын емес. Ақын болу үшін алдымен терең ой керек, тебірентетін жүрек керек.

© Бауыржан Момышұлы
📗 Көз алдымда бәріңсің


Оқулық, бұл өмірде өзін  үлкен әріптен тұратын АДАМ ретінде қабылдаған және өзінің ынта жігері арқылы көру қабілетін жақсартуға немесе қалыпқа  келтіруге ұмтылған адамдарға арналған.
    Сондықтан бұл жерде ең басты  талап - шынайылық және де қысқа, айқын, анық, қол жетімді түрде сипаттау, өзгешелеу айтсақ анау  ауылдағы жігіттердің анда-санда  ішіп алғанда айтатын сөздерін  Сізге қарай бағыттап қолданып отыру!
    Сонымен дайын болыңыздар.
    Жылдам оқып-үйрену техникасы бес жүз беттен тұратын кітапты, арнайы «дөрекі» етіп  екі ауыз сөзбен жеткізуді талап етеді! Қорықпаңыздар, жөнсіз соқтықпаймын. Жәй ғана осы уақытқа дейін шешілмеген мәселелеріңізді  осы күнге дейін арқалап келгендіктен, мен Сізді дәл қазір қандайсыз сол  атыңызбен атаймын!
    Кітапты жазу барысында, оның көлемін қолдан келгенше барынша  аз етуге тырыстық.
    Ал жалқауларға мейлінше жағу үшін одан да қысқартып, керек болса  көзді қалпына келтіру әдістемесін  үш ауыз сөзге де сыйдыра аламын!
     Одан да өткен, мұны да көп көретін,  өте-мөте дарынды жалқаулар үшін үш ауыз сөзді үш әріпке дейін қысқартып, олардың тезірек жүрдек пойызға отырып кететін жақтарына  кетуін сұраймын!

     Қалай екен?! Мазақ еткенімді  оқып не сездіңіздер?
     Ренжіп қалдыңыз ба? Сізге сол керек!
     Біріншіден, баяғыдан бері өз өміріңізбен айналысу керек еді! Ал екіншіден Сізді қуантуға асығып отырмын - Сіз қақпанға түстіңіз!
     Егер намысыңызға тиген болса Сіз өзіңізді сол дарынды жалқауларға жатқызғаныңыз.  Адам өзінің ішіндегі барды ғана  өз атына қабылдай алады.
       Егер мен дөрекі сөзді Сіз білмейтін тілде айтсам, Сіз оны түсінбейсіз. Ендеше ренішті іздейтіндей ешқандай негіз  жоқ. Бұл заңдылық. Сондықтан келесі жолы мұндай қателіктерді қайталамаңыз!


Мырзакорим Норбеков
"Ақымақтық тәжірибесі" (Опыт дурака)


«Мен мұсылманмын. 40 жылдан бері мұсылманмын. Сендер мені білесіңдер. Мен боксшымын. Адамдар мені ұлы санайды. Сендер мені боксшы, әрі шыншыл адам ретінде танисыңдар. Ендеше, өтірік айтып тұр деп ойламаңдар. Егер Ислам Ланкестікке шақырса, мұсылмандық туралы аузымды да ашпас едім. Мен барлық адам шындықты біліп, ақиқатты түсінуі тиіс деп ойлаймын. Ислам, ол бейбітшілік, тыныштық. Ол ланкестік пен өлімді ешқашан қолдамайды. Мен мұсылманмын. Мен америкалықпын. Америкалық мұсылман ретінде 11 қыркүйекте орын алған жағдайға көңіл айтамын. Бүкіл әлемнің Ислам туралы жаман ойлап жатқанына қарап тыныш отыра алмадым. Радикалды топтардың Ислам атына кір келтіріп жатқаны жанымды қатты ауыртады. Құдай ешқашан террористердің жағында болған емес. Терракт менің дініме жат нәрсе. Себебі
мұсылмандар күш көрсетуді жақсы көрмейді, Алла өлтірушілерді колдамайды»

© Мұхаммед Әли

📝 Марфуға Шапиян
📗 Әлем таныған мұсылмандар


Негізі нәзік жанды әйел адамға тек 8 наурызда емес әр күні дәл 8 наурыздағыдай көңіл бөлінуі керек деп есептеймін. Сіздер соған лайықсыздар! 🌹


Құрметті арулар! Көктемнің алғашқы әсем мерекесімен құттықтаймын ☀️🎉🎉🎉


Павлодардан кім бар? Көмек қажет еді


Миғраж түні...


Алдағы уақытта каналға жақсы көңіл бөлуге тырысамын. Бірге болғандарыңыз үшін рахмет ❤️

Показано 20 последних публикаций.