Құран жайлы лайфхактар


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Ахматов Абдуль-Азиз

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Бүгін бір кісіден естігенім:

2000 шы жылдан кейін туылғандар қазіргі заман қиыншылықтарына төтеп бере алмайтын жастар қатарына кіреді

Олар қазіргі системаға кіріп, сіңісіп жұмыс жасап кете алмайды. Өйткені бұрыңғы заманның қиыншылықтарын көрмеді.




Адам табиғатынан асығыс келетіні белгілі, қай мәселеде болсын тез бастап тез бітіріп тастағымыз келіп тұрады.

Құран жаттаушы бауырлар 5-6 айда жаттап бітірем деп өзіңізді қинап 5-10 беттен санақсыз, арт жағын қайталамай 1 жаттап шығуға қатты асығып кейін артынан өмір бойы Құранды қайталап жинай (пысықтай) алмай қиналып жүргендерді көріп жүрміз.

Медреседе 50 қари шәкіртің болса кемі 3/1 Құранды кезінде бір жаттап шығып ұмытып қалып қайтадан қайталауға келген шәкірттер болады.

Тез, санақсыз, артқы параларды қайталамай бір бітіруге асыққанның кесірінен болады, әрине бірінші жаттағанда осы мәселені білмегендігінен болады. Бірақ ұстазы осы жерде шәкіртінің Құранды 5-6 айда бітіргізіп кейін өмір бойы Құранын пысықтай алмайтындай қиналатынын алдын ала біліп асықпай санақпен жаттап шығуын қадағалап шыққаны дұрыс.

Ұстаздың мықты ұстаздығы шәкірттерін тек Құранды тез жаттатып бітіргізе беруіді емес оны (Құранды) өмір бойы есте сақтап қалатын деңгейде пысық жаттауын қадағалауында екенін ұмытпауымыз керек!

Құран уақытшалық зат емес, оны жаттауда асықпай мұқияттылықпен екі дүние де есіңде болатындай пысық дәрежеде жаттауға тырысу керек.

Құранды асықпай 2,5-3 жылда санақпен, ізбен, қайталаумен бірге еңбектеніп жаттағанға жетпейді.

Бауырлар оңайлықпен келген дүниенің кетуіде оңай болатынын естен шығармайық.

Алла зейіндеріңізді ашып Құранды екі дүниеде де есімізде (жүрегімізде) сақталатындай деңгейде пысық жаттап шығуымызды нәсіп етсін🤲 Аминь


Ұстаздардан, Құранда 3 мәселе жұп-жұп болып келген:

1. Аллаға итағат етіңдер деп келген аяттарда Пайғамбарымызға (С.А.У.) ға бойсыну бірге келген

2. Намаз оқыңдар деп келген аяттарда зекет беру жайлы бірге келеді

3. Аллаға құлшылық қылыңдар деп келген аяттармен бірге ата-анаға да жақсылық жасау жайлы айтылады




Ғалымдар сөзінен:

“Шаһидтің қанынан ғалымның сиясының қадірі төмен емес” деген сөзі бар екен. Өйткені ғалым халықты оятады.

#БілімАлудыңМаңыздылығыҮлкен


Репост из: Beisenali Olzhas
Шейх Абдуль Фаттах Әбу Ғудданың "Қиматуз-заманның" сегізінші басылымға ренжіп жазған кіріспесінен көп пайда алдым.

Шейх кіріспеде өзінің кітабын пайдаланып, бірақ сілтеме жасамаған замандастарына қатты ренжігенін айтады. Өз заманында оның кітабын пайдаланып, бірақ сілтеме жасамағандарды атап кетеді. Бұндай амал ғалымдардың ахлағы емес екендігін айтып, сілтеме жасаудың маңыздылығы жайлы олардың сөздері мен кітаптарынан мысал келтіреді.

Бұл мәселе қазіргі кезде де өршіп тұр. Бір каналдан, парақшадан көрген, оқыған пайдалы білімді алып, өзіміздің парақшаларымызға өзіміз тапқандай, өзіміз жазғандай кейде сілтеме бермей саламыз. Ал бұл, білімге деген қиянат болады.

Алла Тағала баршамызды аманатшыл болуымызды нәсіп етсін!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Адамның тәнінен бұрын жанын емде (Ибн Сина)

Адамның адамммен қарым-қатынасында жақсы мәміле жасау өте маңызды.

Сөз адамды емдейді, немесе ауру етеді.

2k 0 12 2 99

Құран жаттап ұмытып қалған бауырлар болса, егер алматы қаласынан болсаңыз онда “Әли-Мұхаммед” мешітіне аптасына 1-3-5 күндері сабаққа келе алсаңыздар, ұмытылған Құранда қайта қайталап шығуларыңызға барынша өз көмегімді бере аламын, қысылмай сабаққа келсеңіздер болады.

Рамазанға шамамен 40 күн қалды, Құранды қайталап бастап кетулеріңізге жақсы мүмкіндік және соны пайдаланып қалыңыздар😊


Ұстаз маған Құран жаттауға мотивация беріңізші, айтыңызшы дегеннің мысалы маған ақша табуға мотивация беріңізші дегенге ұқсайды.

Ақшаға деген мотивация жұмыс (шаруа, тірлік) жасап айдың соңында қолыңызға айлығыңызды алғанда өзі ақ келеді😊😍

Тұра сол сияқты Құран жаттауға мотивация сұрап іздегеннен көре Құран жаттауға кірісіп 10-20 суре жаттағаныңызда өзі ақ Құран жаттағыңыз келіп ыхласыңыз ашылып кетеді😊😍

Құран жаттауға мотивация іздемеңіз, Құран жаттауға кірісіп кетіңіз😊😍


Құранның бір бөлігін (1-2 пара 5-10 пара 20-30 пара) немесе Құранды толық жаттап және оны ұмытып қалған қариларға👇👇

Құранды қайталаудағы басты қиыншылықтарыңызды (мәселелелерді) төмеңге жазсаңыздар сосын сол сұрақтарға жауап жазамын

Неге Құранды қайталамай жүрсіз, қандай қиындықтар бар төмеңге комментарияға жазсаңыздар???👇👇


Ұстаздың шәкіртке айтатын насихаты ешқашан көптік қылмайды, тек ұстаздың насихатын шәкірт кейін түсінеді! Өкінішке орай солай😢


Репост из: Nurbol Rakhmatilla
Егер бұл біздің көз жастарының үні болса, онда олардың жүректерінің үні қандай болмақ?!
Уа, рухтың рухы…
Уа, төзімнің белгісі, сендер: «Ештеңе етпес», – деп айтқан күніңдер…
Уа, ұлы сабыр, «Жылама, ер жігіт!» деген батыл үндерің…
Уа, иман мен Құранның тірегі, адамзат жете алмаған биік арман…
Уа, «Аллаһу Акбар» деп ұрандаған дауыс, Алланы ұлық еткен жердің үнін жаңғыртқан қасиетті сөз!

Уа, Алла! Оларға жеңіс бер, олар Сенің туыңды жер бетінде желбіретсін!
Біз, сөзсіз, Сенің уәдеңді күтеміз!

منقول


Түңгі тәһәжжудте бауырларымыз үшін дұға жасауды ұмытпайық🤲


Репост из: Nurbol Rakhmatilla
Әлхамдулилләһ, Газа мен Палестинада соғыс тоқтады деген қуанышты хабар жетіп жатыр. Уа, Алла, осы хабар рас болғай!


Өткен жылы Каусарда жыналған екенбіз (қысқаша видео сақталған екен)


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Айттымғой ішімде айтар толып жатыр айтып-айтып шығарып тастау керек болып тұр😊😍 Алматыдан ұйымдастыратын бауырлар болса хабарласыңыздар мен барып бар білгеніммен бөлісуге дайынмын


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram

Показано 20 последних публикаций.