Үлескерлердің жерлерін алдау жолымен сатқаны үшін сотталды.
Е. және басқа тұлға несие алу мақсатында, ЖШС-і қатысушыларының келісімінсіз жиналыстардың жалған хаттамаларын құрастырып, Бурабай ауданы тұрғындарының жер телімдерін кепілге берген.
Е. басқа адаммен топ болып, сөз байласу арқылы ауыл тұрғындарының шартты жер үлестерінің құқықтарын иемденіп, мүлікті кепілге қою және улестес ЖШС кәсіпорынның жер теліміне құқығын иеліктен шығару жолымен жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде материалдық зиян келтірді (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы – алаяқтық аса ірі мөлшерде, адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы).
Е.-нің кінәсі жәбірленушілердің, куәлардың жауаптарымен, жүргізілген тінтулермен, тәркіленген төлем тапсырмаларымен, сондай-ақ сарапшылар мен тәуелсіз аудитордың қорытындыларымен дәлелденді.
Жаза тағайындауда, сот көпшілік жәбірленушілердің сотталушыға қатаң жазаны талап етпеген пікірін ескерді.
Сондай-ақ, 2023 жылғы сот актілерімен ЖШС-нің құрылтайшылары жиналысының шешімі мен құқықтарды үшінші тұлғаларға беру туралы келісімінің күші жойылды. Демек, сотта қаралған іс бойынша жәбірленушілерге жер телімі қайтарылды, сондықтан ауыл тұрғындарына келтірілген материалдық шығынды өтеуге негіз жоқ.
Нәтижесінде, сот үкімімен ҚК-нің 63-бабы қолданыла отырып, Е.-ға шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
https://t.me/Aqmola_sottary