Ақмола облысында тағайындалған судьялар таныстырылды.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов сот корпусына жергілікті соттарға тағайындалған судьяларды таныстырды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 6 желтоқсанындағы Жарлығымен Ақмола облысы бойынша:
- Атбасар аудандық сотының судьясы қызметіне Медира Сыздықова;
- қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы қызметіне Берікбол Сапарғалиев;
- Степногорск қалалық сотының судьясы қызметіне Жандос Әбілғазинов тағайындалды.
Осы Жарлықпен құрметті отставкаға шығуына байланысты, атқаратын қызметінен Бұланды аудандық сотының судьясы Людмила Цибульская босатылды.
Облыс судьяларының кеңейтілген мәжілісінде Арман Жүкенов құрмет демалысына шыққан және жаңадан тағайындалған судьяларды қызметке кірісуімен құттықтап, азаматтардың құқықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету және сотқа сенімін нығайтуды аса маңызды міндеттері ретінде белгілей отырып, жемісті жұмыс, сот төрелігін адал жүзеге асыруды тіледі.
https://t.me/Aqmola_sottary