🔹Елордада «Заң шығармашылық үдерісінің тиімділігін арттыру: нормашығармашылық қызметте жасанды интеллект пен қоғамдық мониторингтің автоматтандырылған жүйесін қолданудың әдістемелік тәсілдері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті. Шараны ҚР Президенті Іс Басқармасы жанындағы Парламентаризм институты мен Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университеті бірлесіп ұйымдастырды.
🔹Құқықтық саладағы жаһандық сын-қатерлер заңнаманың тек дәлдік пен өзектілігін ғана емес, өзгерістерге жедел бейімделуін талап етеді. Осы ретте цифрлық технологиялар, әсіресе жасанды интеллект негізіндегі құралдар, заң шығару үдерісінің сапасын арттырып, оны жеделдетуге әрі азаматтардың белсенді қатысуына жол ашады. Мұндай қадам мемлекеттік институттардың ашықтығы мен тиімділігін нығайтуға бағытталған.
🔹ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институтының директор орныбасары Б.А. Бекжанов құттықтау сөзінде жасанды интеллект пен автоматтандырудың нормашығармашылықтағы рөлі күн санап артып келе жатқанын атап өтті. Бұл технологиялар жүйелік мәселелерді терең зерделеуге, заң жобаларының сапасын ұдайы бағалауға және олардың орындалуын қадағалауда тың тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді. Парламентаризм институты осы бағытта ауқымды зерттеу жүргізіп, заңнамалық процестің негізгі түйткілдерін айқындап, оларды еңсеру бойынша нақты ұсынымдар әзірледі. Сонымен қатар, заң шығарушылық саласына жасанды интеллект пен автоматтандырылған мониторинг жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасын дайындау қолға алынды.
🔹Дөңгелек үстелге Қытай, Ресей, Польша мемлекеттерінің ғалымдары мен сарапшылары, сондай-ақ қазақстандық жетекші мамандар қатысты. Қатысушылар арасында Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының, М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің, Хэйлунцзян университеті (ҚХР) жанындағы Цифрлық құқық институтының, Вроцлав университеті (Польша) мен Новосібір мемлекеттік экономика және басқару университетінің өкілдері болды. Сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, ҚР Әділет министрлігі мен ҚР Цифрлық даму министрлігінің сарапшылары да қатысып, халықаралық диалог аясында тәжірибе алмасуға, үздік тәсілдер мен инновацияларды ортақ күн тәртібіне енгізуге мүмкіндік туды.
🔹 Кездесу соңында бірқатар ұсынымдар мақұлданды. Олардың қатарында нормашығармашылық үдерісін цифрландыруға арналған алгоритмдер әзірлеу, жасанды интеллекті қолдану бойынша құқықтық негіз қалыптастыру, қоғамдық мониторингтің автоматтандырылған жүйесін енгізу, сондай-ақ сот төрелігі мен заң шығармашылығында жасанды интеллект технологияларын қолдану жөніндегі қосымша зерттеулер жүргізу және білікті мамандар даярлау шаралары қамтылды. Халықаралық ынтымақтастыққа айрықша мән беріліп, заң шығармашылығын цифрландыру мәселелері бойынша жұмыс топтарын құру және бірыңғай стандарттарды әзірлеу ұсынылды.