Экономикаға және инфрақұрылымдық дамуға инвестиция тарту
📌 Үкімет Мемлекет басшысының экономикаға инвестиция көлемін арттыру жөніндегі алға қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимылды күшейтті. Бұл ретте, 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспардың жобаларына ерекше назар аударылуда. Дүниежүзілік банк, Азия даму банкі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Ислам даму банкі, Еуразиялық даму банкі және басқа да ұйымдармен ынтымақтастық жүргізілуде. Экономиканың өсуіне әрі орнықты дамуына ықпал ететін бастамаларды сәтті іске асыру үшін серіктестерден техникалық және сараптамалық қолдау қажет. Республикалық бюджеттен $611,7 млн-ды құрайтын қоса қаржыландырумен жалпы несие сомасы $3,74 млрд болатын бірлескен алты ірі жоба бойынша жұмыс атқарылуда. Биыл инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде бірқатар өңірлердегі автожолдарды реконструкциялау, орта білім беру нысандарын, кеден бекеттерін жаңғырту, еліміздің оңтүстік облыстарында ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру бойынша жұмыс жүргізілді.
✔️ Қазақстандағы ЕҚДБ портфелі жалпы сомасы $2,95 млрд-ты құрайтын 125 белсенді жобаны қамтиды, олардың басым бөлігі орнықты инфрақұрылым секторына тиесілі. Жеке секторға салынған инвестиция 46%-ға жетті.
⚡️ 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЕАДБ инвестицияларының күтілетін көлемі кемінде $1 млрд-ты құрайды. Келесі негізгі жобалар: республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын реконструкциялау; Алматы 3-ЖЭО-ны реконструкциялау; Қарағанды облысында ЖЭС салу; «Астрахан-Маңғышлақ» магистралды су құбырын кеңейту және басқа да нысандар бойынша келісімдерге қол қойылды. Әлеуметтік, энергетикалық және көлік салаларында, автожолдарды жаңғырту бойынша $2,5 млрд сомасына жобалар қаралуда.
🔵 Бұдан басқа, биыл Қазақстанда $7 млрд-тан астам сомаға инфрақұрылымдық 30 жобаны қаржыландыру туралы ниет білдірген Ислам даму банкімен және Араб үйлестіру тобымен ынтымақтастық жанданды.
📱 @KZgovernment