Сені ұмытпаймын
Біз үшін төкпесе де нұрын құдай,
Мен Сені жақсы көрем бұрынғыдай.
Ешкімге қал жайымды айтпаймын деп,
Өлеңге ашып қоям сырымды ұдай.
Соңғы сәт қимай ұзақ қарадың ай,
Соңғы сәт шашыңды үнсіз тарадым ай.
Аппағым айдан сұлу маралым ай,
Мен Сені жақсы көрем баяғыдай...
Дейсің бе қиналғанда жазығым не,
Түсін - толмас құшақтың бәрі гүлге.
Есімнен шығара алмай Сені мүлде,
Мен Сені жақсы көрем әлі күнге...
Сағынып сабыр бітіп жүр демейсің,
Алшақта өтті ай мен жыл демейсің.
Дауыссыз айқай салам атыңды айтып,
Ал сен, ал Сен...
Сен - үндемейсің!
Неге?!...
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya
Біз үшін төкпесе де нұрын құдай,
Мен Сені жақсы көрем бұрынғыдай.
Ешкімге қал жайымды айтпаймын деп,
Өлеңге ашып қоям сырымды ұдай.
Соңғы сәт қимай ұзақ қарадың ай,
Соңғы сәт шашыңды үнсіз тарадым ай.
Аппағым айдан сұлу маралым ай,
Мен Сені жақсы көрем баяғыдай...
Дейсің бе қиналғанда жазығым не,
Түсін - толмас құшақтың бәрі гүлге.
Есімнен шығара алмай Сені мүлде,
Мен Сені жақсы көрем әлі күнге...
Сағынып сабыр бітіп жүр демейсің,
Алшақта өтті ай мен жыл демейсің.
Дауыссыз айқай салам атыңды айтып,
Ал сен, ал Сен...
Сен - үндемейсің!
Неге?!...
Мейрамбек Абдіқалиев
https://t.me/Meyrambek_poeziya