Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1989 жылдың 22 желтоқсанында Бухарестегі /Румыния/ президент сарайының алдына жүз мыңдаған халық жиналып, "Чаушескудің көзі жойылсын" деп айқайға басқан.Сарай балконына әйелімен бірге шыққан Чаушескуді бүкіл қаланы жаңғырықтырған айқай-сүрең сөйлетпей тастады.Көп ұзамай диктатордың тікұшаққа мініп, сарайдан қашып шыққаны мәлім болды.Шеруге қатысушылар мұны естісімен Бухарест телеорталығы мен радиостанцияны басып алған.