🇰🇿HISTORY🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Познавательное


Канал авторы: мен Уразов Ержан Берікұлы, педстаж-14 жыл (ҰБТ-ға дайындаудан да 14 жыл), педагог-зерттеушімін.Жұмыс орным: Орал қаласы, Abyroi school Oral, 1-филиал
Qazaq history+World history+Music+News

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1949 жылдың 27 желтоқсанында Индонезияның ұлттық революциялық лидері Сукарно ел тәуелсіздік алған соң /1945/ бес жылдан кейін Голландықтардан толық тәуелсіздік алып, Индонезия біріккен штаттарының басшысына айналды.


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1825 жылдың 26 желтоқсанында Петербургтегі Сенат алаңында декабристер көтерілісі болды.1 желтоқсанда император І Александр аяқ астынан дүниеден өткен соң таққа отыруы тиіс цесаревич Константин патшалықты қолға алудан бас тартып, елде әулеттік дағдарыс орнаған еді.Декабристер осыны пайдаланып қалмаққа ұмтылды.Алайда, көтерілістің ұйымдық жағы жеріне жеткізе ойластырылмағандықтан декабристер /алаңға 3 мыңнан астам солдаттар мен матростар шыққан/ жеңіліске ұшырады.Астыртан қоғамдардың 300-дей мүшесі мен 700-ден астам солдаттар мен матростар тұтқынға алынды, 5 адам дарға асылып, 121 адам Сібірге жер аударылды.Сібірге жер аударылған Декабристердің әйелдері күйеулеріне адалдық танытып артынан көшіп барған."Жена Декабриста" деген сөз орыстарда тұрақты тіркеске айналған.


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1922 жылдың 25 желтоқсанында В.И.Ленин партиялас жолдастарына хат жазып, Сталиннің Бас хатшы ретіндегі қызметіне теріс баға беріп, оның өз қолына алған ұшан-теңіз билікті дұрыс ұстап тұрар-тұрмасына күмән келтірді.Артынша, 1923 жылғы 4 қаңтарында жазған тағы бір хатында Сталинді партияның Бас хатшысы қызметінен ауыстыру мүмкіндігін ойластыруды тапсырғаны да бар.


1840 жылғы Еуропаның картасы.*Ескерту: Италия мен Германия бұл кезде бытыраңқы мемлекет


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1941 жылдың 24 желтоқсанында жапондар Британия колониясы Гонконгты жаулап алды.Жапондар аралды 1945 жылдың 30 тамызына дейін ұстап тұрған.


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1918 жылдың 23 желтоқсанында Румыния Бессарабияны басып алды.Румыния бұл аймақты Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып қайтарып алған.


Этому ковру приблизительно 2500 лет, но его цвета всё ещё живы!
В замороженной могиле в Алтайских горах, найденной С.И. Руденко в 1940-х годах, содержится приблизительно 360 000 узлов на квадратный метр (весь ковёр насчитывает около 1,3 миллиона узлов – представьте себе работу!). В Железном веке техники рисования шерстью уже были довольно сложные. Только сложность производства этого произведения свидетельствует о том, что у ковров уже есть многолетняя традиция, которая, вероятно, распространяется до наших дней... и это самый древний. Изображения на ковре показывают внутреннюю анатомию животных с очень интересным описанием. Внешний ободок украшен наездниками на лошадях с красивыми покрывалами на сёдлах.

Олень – одно из самых почитаемых и священных животных у пратюркских племён Евразии. Красота и сила оленя, его мирный характер и в то же время способность защитить себя, широкий ареал разных подвидов, ежегодное прирост рогов и многие другие признаки способствовали тому, что его образ стал одним из наиболее распространённых в искусстве евразийских кочевников-скотоводов I тыс. до н.э. В богатых и обычных курганах часто находят изображения оленей, сделанные из золота, бронзы, камня, кости и других материалов. Большая группа каменных изваяний Центральной Азии была названа археологами «оленевыми камнями» из-за выбитых на них изображений этих животных.


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1989 жылдың 22 желтоқсанында Бухарестегі /Румыния/ президент сарайының алдына жүз мыңдаған халық жиналып, "Чаушескудің көзі жойылсын" деп айқайға басқан.Сарай балконына әйелімен бірге шыққан Чаушескуді бүкіл қаланы жаңғырықтырған айқай-сүрең сөйлетпей тастады.Көп ұзамай диктатордың тікұшаққа мініп, сарайдан қашып шыққаны мәлім болды.Шеруге қатысушылар мұны естісімен Бухарест телеорталығы мен радиостанцияны басып алған.


Репост из: TESTCENTERKZ
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👋Сәлем, 2025 жылғы талапкер!

📚Бүгін ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ-ГЕОГРАФИЯ бейіндік пәндер комбинациясы бойынша оқуға түсуге болатын білім беру бағдарламаларының тізімімен таныстырайық.

❓Ал Сіз өз мамандығыңызды таңдадыңыз ба?😉

👀 👀 👀

👋Привет, абитуриент-2025!

📚Предлагаем вашему вниманию перечень групп образовательных программ по которым можно поступить, выбрав комбинацию ВСЕМИРНАЯ ИСТОРИЯ-ГЕОГРАФИЯ.

❓А вы уже выбрали свою специальность?😉


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматыда бұрынғы он бір Кеңес республикалары /Балтық бойы республикалары мен Грузиядан басқалары/ басшыларының кездесуі болып өтті.Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы өз өмірін тоқтатқаны ресми құжатталды.Тәуелсіз Мемлекеттер Одағы дүниеге келді.


Репост из: TESTCENTERKZ
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
ҰБТ-ға тіркелу бойынша нұсқаулық💻


Репост из: TESTCENTERKZ
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👋Сәлем, 2025 жылғы талапкер!

📚Бүгін ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ-ШЕТЕЛ ТІЛІ бейіндік пәндер комбинациясы бойынша оқуға түсуге болатын білім беру бағдарламаларының тізімімен таныстырайық.

❓Ал Сіз өз мамандығыңызды таңдадыңыз ба?😉

👀 👀 👀

👋Привет, абитуриент-2025!

📚Предлагаем вашему вниманию перечень групп образовательных программ по которым можно поступить, выбрав комбинацию ВСЕМИРНАЯ ИСТОРИЯ-ИНОСТРАННЫЙ ЯЗЫК.

❓А вы уже выбрали свою специальность?😉


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1987 жылдың 20 желтоқсанында Филиппинге таяу маңда "Донья Па(с)" паромы "Вектор" танкерімен соқтығысып қалған.Екі кемеден де қатты өрт шығып, 4400 адам қаза болған.Адамзат тарихындағы су бетіндегі ең үлкен апат.


Chingishan.pdf
1.4Мб
John Manның атақты "Секреты лидерства Чингихзхана" кітабы.


Репост из: TESTCENTERKZ
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
👋Сәлем, 2025 жылғы талапкер!

📚Бүгін ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ-ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ бейіндік пәндер комбинациясы бойынша оқуға түсуге болатын білім беру бағдарламаларының тізімімен таныстырайық.

❓Ал Сіз өз мамандығыңызды таңдадыңыз ба?😉

👀 👀 👀

👋Привет, абитуриент-2025!

📚Предлагаем вашему вниманию перечень групп образовательных программ по которым можно поступить, выбрав комбинацию ВСЕМИРНАЯ ИСТОРИЯ-ОСНОВЫ ПРАВА.

❓А вы уже выбрали свою специальность?😉


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1865 жылдың 19 желтоқсанында АҚШ-та мемлекеттік хатшының жариялауымен Конституцияға толықтыру ретінде құлдықты жою туралы өзгеріс толық күшіне енген.


Репост из: TESTCENTERKZ
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🖥️app.testcenter.kz сайтына тіркелу бойынша нұсқаулық

🔻Ең бірінші app.testcenter.kz сайтына кіресіз.

🔻Интерфейс тілін таңдайсыз.

🔻Ары қарай «Тіркелу» бөлімін басасыз да, өзіңіздің электронды поштаңызды жазасыз.

🔻Одан кейін электронды поштаңызға кіріп, Ұлттық тестілеу орталығынан келген хатты тауып аласыз. Хатты ашып, «Электронды мекен-жайды растау» батырмасын басасыз.

🔻Сол кезде сізге мәліметтерді толтыру парақшасы ашылады. Бұл жерге өз ЖСН-ыңызды енгізу қажет. Соңында «Сақтау» батырмасын басасыз.

♦️Сіздің логин мен құпия сөзіңіз ҰТО-дан келген хатта болатынын атап өткен жөн. Егер хатты «Кіріс» жәшігінен таба алмасаңыз, «Спам» және «Барлық пошта» жәшіктерін тексеру қажет.

🙌Сәттілік!


Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1903 жылдың 18 желтоқсанында Солтүстік Каролинадағы, Китти Хок маңында Орвилл мен Уилбур Райт тұңғыш рет ұшақты сәтті сынады.Орвилл 12 секундта ауада 120 фут (36,6 метр) қалықтап, ұшып өткен.


Репост из: TESTCENTERKZ
​​ҚАҢТАР АЙЫНДАҒЫ ҰБТ
📣📣📣📣📣📣📣📣

🎓Құрметті достар!

💻Қаңтар айындағы ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 20-30 желтоқсан аралығында өтеді.
📲Тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізіледі.
⏳Тестілеудің өзі 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

💡Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады:
✅Қалауы бойынша жоо-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 (12) сынып оқушылары;
✅Жоо-ға күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылдау үшін ҰБТ нәтижесі бойынша шекті балл алмаған, ҰБТ нәтижелері жойылған, бейіндік пәндер комбинациясы сәйкес келмейтін ҰБТ нәтижелері бар тұлғаларды күнтізбелік жылы ақылы негізде одан әрі қабылдау үшін;
✅Жоо-ға ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және басқа білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар;
✅Жоо-ға ақылы негізде басқа білім беру бағдарламалары тобы бойынша білім алушы және «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша білім беру бағдарламалары тобына ауысуға ниет білдірген тұлғалар.

💸Тестілеуге қатысу құны – 5640 теңге.
📍Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркі бойынша таңдайды.

👏Сәттілік!

❗️❗️❗️❗️❗️❗️

ЯНВАРСКОЕ ЕНТ!
📣📣📣📣📣📣📣📣

🎓Уважаемые друзья!

💻20 декабря стартует прием заявлений для участия в январском ЕНТ, которое продлится до 30 декабря.
📲Зарегистрироваться можно будет на сайте Национального центра тестирования app.testcenter.kz или через приложение UTO.
⏳Само тестирование пройдет с 10 января по 10 февраля.

💡В данном тестировании могут принять участие:
✅обучающиеся выпускных 11 (12) классов организаций среднего образования для зачисления в вуз на платной основе по желанию;
✅лица, зачисленные в вуз по очной форме обучения на платной основе, не набравшие пороговый балл по результатам ЕНТ, с результатами ЕНТ с несоответствующими комбинациями профильных предметов, с аннулированными результатами ЕНТ для дальнейшего зачисления в вуз на платной основе в календарном году;
✅обучающиеся в вузе по группе образовательных программ, требующих творческой подготовки, и желающие перевестись на другие группы образовательных программ на платной основе;
✅обучающиеся в вузе, желающие перевестись на группу образовательных программ области образования «Педагогические науки» на платной основе.

💸Стоимость тестирования – 5640 тенге.
‼️При регистрации тестируемые сами выбирают ДАТУ, ВРЕМЯ и МЕСТО проведения ЕНТ.

👏Удачи!

Показано 20 последних публикаций.