Репост из: 🇰🇿HISTORY🇰🇿
1825 жылдың 26 желтоқсанында Петербургтегі Сенат алаңында декабристер көтерілісі болды.1 желтоқсанда император І Александр аяқ астынан дүниеден өткен соң таққа отыруы тиіс цесаревич Константин патшалықты қолға алудан бас тартып, елде әулеттік дағдарыс орнаған еді.Декабристер осыны пайдаланып қалмаққа ұмтылды.Алайда, көтерілістің ұйымдық жағы жеріне жеткізе ойластырылмағандықтан декабристер /алаңға 3 мыңнан астам солдаттар мен матростар шыққан/ жеңіліске ұшырады.Астыртан қоғамдардың 300-дей мүшесі мен 700-ден астам солдаттар мен матростар тұтқынға алынды, 5 адам дарға асылып, 121 адам Сібірге жер аударылды.Сібірге жер аударылған Декабристердің әйелдері күйеулеріне адалдық танытып артынан көшіп барған."Жена Декабриста" деген сөз орыстарда тұрақты тіркеске айналған.