Репост из: TAǴYLYM TAMSHYLARY
Егер 14 күнге сапарға шыққан адам келген уақытынан бастап, толықтай 15 күн немесе одан көп уақыт тұрақтауға ниет етсе - намазын толық оқиды. Көп адамдардың осы мәселеге келгенде қателікке бой беріп жатқанын байқаймыз. Төменде түсіндіріп жазамын.
Мысалы, сіз вахталық жұмыспен бір жерге 14 күнге жұмысқа бардыңыз. Арадан 5 күн өткен соң, вахтада 15 күн болуға ниет еттіңіз немесе 14-ші күні тағы бір күн қалатын болып шешсеңіз - осы сәттен бастап сіз намаздарыңызды толық оқисыз. Толық оқу үшін вахтада болған 5 яки 14 күніңізді есептемей, басынан 15 күнге ниет ету шарт етілмейді. Тұрақтауға ниет ету жүрекпен болады. Тілмен айту шарт емес. Тіпті егер сіз 14 ші күні намазда тұрып, тағы бір күн қалуға ниет етсеңіз, оқып тұрған намазыңызды 4 ракағат етіп толық оқисыз. (Бахр раайқ 2/141-142)
Ескерту! Сапардағы адам екінші ракағатта әттахият оқып, намазын аяқтамай үшінші ракағаттың рукуғын жасап болған соң, 15 күн қалуға ниет етсе - намазын толық етіп оқиды. Сондай-ақ, үшіні ракағаттың қиямын және рукуғін қайта жасауы тиіс. Себебі ниет етуден алдыңғы қиям мен рукуғ - нәпіл болып есептеледі. Ал нәпіл - парыздың орнын баса алмайды.