▪️ САЯБАҚТА ӨКІРГЕН БОЙЖЕТКЕН | №186
Талай істерді шолып, зерттегеннен кейін қатігез қылмыстарға таң қалмайтын болдым. Бұрынғыдай шошып, жанымды жегідей жемейді. Десекте, жаныма қатты бататын бір дүние бар. Ол адамдардың немқұрайлығы. Бүгінгі баяндалатын қылмыстық істен түйгенім, бәлкім артық айтқаным болар, дегенмен, қылмыскердің «жанашырлығы» және «адамгершілігі» қарапайым адамдардан әлдеқайда артығырақ сияқты. Түн жарымда он шақты куәгер жан ұшыра айқайлап көмек сұраған қыздың дауысын естіген. Кейбірі терезелерінен сығалап қараған. Бірақ, ешбірі көмектеспек түгілі, полицияға да қоңырау шалмапты. Байғұс қыздың өксігі жаңғырып, жарты сағаттан кейін сейілді. Бұл 186-шы қылмыстық іс. Қарағанды.
📹 Сілтеме: https://youtu.be/FN6PUxAJeeg