Репост из: ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
◾️ Семей қаласының тұрғыны 2001-2011 жылдары егіз бауырымен бірге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған көмекші мектеп-интернатта тәрбиеленіп, білім алған.
◾️ Жергілікті атқарушы орган егіздерді мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегіне бір нөмірмен тіркеген.
◾️ Кейіннен бір бөлмелі пәтер тек бір бауырына беріліп, екіншісі отбасы мүшесі ретінде көрсетілген.
◾️ Семей қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі соңғысының кезекке қайта қосылу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартқан.
◾️ Талап қоюшы бұл шешіммен келіспей, Абай облысының МАӘС-на өзінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру туралы жүгінген.
◾️ Сот істі қарау барысында әрбір ата-анасының қамқорлығынсыз қалған әр баланың мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға құқылы екенін атап көрсеткен.
◾️ Мемлекеттік органның талап қоюшының баспанасы бар деген дәлелі сотпен қабылданбады, себебі, онымен тұрғын үйді жалдау шарты жасалмағаны, ал пәтер талап қоюшының бауырына берілгені анықталды.
◾️ Талап қоюшының жалға алушының отбасы мүшесі ретінде пәтерге қоныстану құқығы оның ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу конституциялық құқығын жүзеге асырмайды.
◾️ Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған екі баланы бір нөмірмен есепке қою мемлекеттік органның қолданыстағы заңнаманы бұзғаны болып саналады.
◾️ Сот талап қоюды қанағаттандырып, Семей қаласының Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімін 2008 жылғы 6 маусымнан бастап ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санаты бойынша баспана алу кезегіне қоюды қалпына келтіруге міндеттеді.
◾️ Егер сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, бір ай ішінде орындалмаса, Бөлімге қатысты ӘРПК-нің 127-бабының тәртібінде процестік мәжбүрлеу шаралары қолданылатын болады.
◾️ Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.
https://t.me/abaisottary