Репост из: Ақша менталитеті
🏦 Kathmandu Capital: Kaspi-дің әлемдік экспансиясы енді басталып жатыр...
Әлемге әйгілі Kathmandu Capital (NY) инвесткомпаниясы Kaspi.kz-тің келешегі кемел деп пайымдайды. Kaspi клиенттерінің төлемдері мен жалпы қаржы операциялары ұлғайу үстінде. Банк биыл кіріс пен пайда көрсеткішін 💰 20%-ға арттырған.
Kaspi-дің кең ауқымды дерек базасы мен мықты инженерлер командасы жасанды интеллектіні (AI) жақсылап жұмысқа салатын күн жақын деп санайды Kathmandu Capital. Бұл әлі толықтай жүзеге аспаған үлкен пөтенциал.
Kathmandu Capital Kaspi-ді әлемдегі ең үздік "flywheel" (бизнес қарқынын үздіксіз арттыру моделі) бизнес деп есептейді. "Компания аймақтық монополиске айналып, белгілі бір дәрежеде мемлекеттік институттың қызметін атқаруда" - дейді олар.
Kathmandu Capital 🏦Ломтадзенің халықаралық экспансия жоспарына да назар аударған.
Астананың халықаралық аренадағы рөлі де Kaspi-дің дамуына қосымша импульс болады деп болжануда. Елдің ұран, мұнай және газ қорларының молдығы, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолындағы стратегиялық орны Kaspi-дің позициясын нықтай түседі.
"Осы факторларды ескеріп, Kaspi.kz секілді компаундер (жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан) компанияның акция P/E (Price-to-Earnings) көрсеткіші кем дегенде 20 есе болуы керек деп есептейміз", - деген қорытындыға келіпті Kathmandu Capital.
😃 Ақша менталитеті анықтамасы: P/E (Price-to-Earnings) – бұл компанияның нарықтық капитализациясының оның таза кірісіне қатынасын көрсететін көрсеткіш. P/E көрсеткішінің 20-дан кем болмауы керек дегені – компанияның нарықтық бағасы оның табатын пайдасымен салыстырғанда әлі де төмен дегенді білдіреді.
Kaspi-дің акциялары мен компанияның биылғы қаржы есебі туралы кешке таман айтамыз. Бізге тіркел👇
https://t.me/aqsha_mental

Олардың пікірінше, бұл жоспар Украинадағы соғыс аяқталғаннан кейін нақтылана түседі. Kaspi.kz басшылығының тәжірибесі мен шешім қабылдау қабілеті компанияның халықаралық деңгейде кеңеюіне мүмкіндік береді деп санайды сарапшылар.
Астананың халықаралық аренадағы рөлі де Kaspi-дің дамуына қосымша импульс болады деп болжануда. Елдің ұран, мұнай және газ қорларының молдығы, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолындағы стратегиялық орны Kaspi-дің позициясын нықтай түседі.
"Осы факторларды ескеріп, Kaspi.kz секілді компаундер (жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан) компанияның акция P/E (Price-to-Earnings) көрсеткіші кем дегенде 20 есе болуы керек деп есептейміз", - деген қорытындыға келіпті Kathmandu Capital.
😃 Ақша менталитеті анықтамасы: P/E (Price-to-Earnings) – бұл компанияның нарықтық капитализациясының оның таза кірісіне қатынасын көрсететін көрсеткіш. P/E көрсеткішінің 20-дан кем болмауы керек дегені – компанияның нарықтық бағасы оның табатын пайдасымен салыстырғанда әлі де төмен дегенді білдіреді.
Былайша айтқанда, Kaspi.kz өз пайдасын тиімді пайдаланып, бизнесін үнемі дамытып отырғандықтан, оның акцияларының бағасы әлі де 📈 өсуі тиіс.