Мына жазбамен келісемін, тамаша жазылған.
Сыртқы саясаттың еліміздің тәуелсіздігі үшін өте маңызды екенін, сондай-ақ инвестиция тарту мен экономикалық дамуымыз үшін аса қажет екенін түсінуіміз керек.
“Президент бір аптада үш мемлекетке барып келді. Бірінші сапарын Моңғолиядан бастады. Бұл 16 жылдан кейінгі алғашқы ресми сапар. Екі ел арасындағы сауда айналымы 150 миллион доллар. Қос мемлекет осы межені 500 миллионға жеткізуге уағдаласты. Қазақстан алдағы уақытта Моңғолияда вакцина өндірісін ашпақ. Тау-кен саласын зерттемек. Жалпы алғанда 12 құжатқа қол қойылды. Бұдан бөлек Семейдегі тері өңдеу зауытын жандандырмақ. Логистиканың басқа жолдарын қарастыруды жоспарлап отыр.
Моңғолиядан соң Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет мемлекеттік сапармен Парижге барды. Алғаш рет дейтін себебіміз бұл 2022 жылдағыдай ресми сапар емес. Дәрежесі бөлек, деңгейі биік. Макронның қандай мәртебемен күтіп алғанын бәріміз көрдік. Жә, мәселе күтіп алғанда емес. Нендей тиімді келісімге келгенінде. Бұл сапарда екі ел делегациясының мүшелері 36 құжатқа қол қойды. Оның ішінде жалпы сомасы 2,2 миллиард долларды құрайтын 1 үкіметаралық, 21 ведомствоаралық және 14 коммерциялық құжат бар. Біз уранға баймыз деп кеуде кереміз. Бірақ 30 миллионнан астам халқы бар Өзбекстан да уран көлемі бойынша бізден кедей емес. Сондықтан Францияның басты серіктес ретінде Қазақстанды таңдауы бұл таза дипломатиялық жұмыстың жемісі. Алдағы уақытта өз елімізде француз мамандармен бірігіп уранды өңдеп, өндіретін зауыттар ашылуы мүмкін. Яғни уранды тек шикізат ретінде емес, дайын отын түрінде экспорттауға болады.
Кеше президент құрылғанына 15 жыл болған Түркі мелекеттерінің 11 саммитіне барды. Бес мемлекет басшылары осы уақытқа дейінгідей экономикалық қатынас пән мәдени байланысты ғана емес бұл жолы әскери әріптестік мәселесін көтерді. Жалпы Түркі мемлекеттерінің әлемдік сауда айналымы 1,2 триллион долларды құрайды. Мұнай мен газ қорының 10% иелік етеді. Халқының саны 178 миллион. Адами капиталды өсіріп дәл осы потенциалдарды тиімді пайдаланса түркі мемлекеттері жаһандық гегемондарға ықпал ете алатын ұйымға айналуы бек мүмкін. Тек мемлекет басшыларының тығыз қарым-қатынасы мен әріптестігіне сызат түспеуі керек. Ал ол үшін барыс-келісті үзуге болмайды”.
*Ерқанат Көпжасарұлының парақшасынан