Бүгін біз балалардың қосымша білім алуы мен әлеуметтік осал отбасылардың балаларына көмек көрсету сияқты екі маңызды әрі сезімтал салаға қатысты түзетулерді қабылдадық.
1. Жекеменшік мектептерде оқитын әлеуметтік осал отбасылардың балаларына әлеуметтік көмек көрсету.
Бұған дейін теңсіздік болған: мемлекеттік мектептердің балалары “Всеобуч” қоры арқылы көмек ала алса, жекеменшік мектептердегі балалар бұл мүмкіндіктен айырылған еді.
Жекеменшік мектептердің саны өсіп келеді, және онда әлеуметтік осал отбасылардың балалары оқып жатыр.
Енді бұл әділетсіздік жойылды.
Жекеменшік мектептердегі балалар да “Всеобуч” қоры арқылы мектеп формасын, оқу құралдарын және басқа да қажеттіліктерге көмек ала алады. Бұл шешім бүкіл ел бойынша ондаған мың отбасын қолдайды.
2. Мемлекеттік тапсырыс алатын балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдары үшін хабарламалық тәртіп енгізу.
Қазіргі уақытта бұл салада тіпті қарапайым бақылау да жоқ: мемлекет қандай орталықтардың ашылатынын, жабылатынын немесе балаларға қызмет көрсететінін білмейді.
Хабарламалық тәртіп бұл мәселені белгілі бір дәрежеде шешеді, бірақ бұл үдеріс қатысушыларға артық бюрократиялық жүктеме жүктемейді.
Бұл нені білдіреді?
• Өз қызметін бастаған немесе тоқтатқан ұйым бұл туралы мемлекеттік органдарға хабарлауы тиіс.
• Бұл лицензиялау емес — бұл аталған ұйымдардың саны мен жұмысын есепке алуға мүмкіндік беретін жеңілдетілген және ең қарапайым деңгейдегі шара.
Бұл қосымша кедергілер тудырмайды, бірақ жауапкершілік деңгейін қамтамасыз етеді.
Бұл бастамаларды 2022 жылы министрлікте істеген кезде әзірлеген болатынбыз. Сол кезде біз бұл өзгерістердің негізін қаладық, бірақ ұзақ рәсімдерге байланысты оларды толық жүзеге асыруға үлгермедік.
Бүгін мен қуаныштымын: біздің жұмыс аяқсыз қалмай, Оқу-ағарту министрлігімен жалғасып, нәтижеге жеткізілді. Бұл мәселеде сабақтастықты көрдік.
Бұл шешімдер — балалар қауіпсіздігі, мүмкіндіктер теңдігі және әділеттілік туралы.
Осы түзетулерді дайындауға және қолдауға қатысқандардың бәріне алғысымды білдіремін.
Жұмыс жалғасуда!