«Қазавиақорғау» директоры «Семей орманына» өрттен келген 161,5 млрд теңге шығынды өтейді
Абай облысы Бородулиха ауданында 2023 жылы «Семей орманында» болған өртке байланысты тағы бір сот процессі аяқталды. «Ормандарды авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсету базасы» директоры қызметін атқарушы болған Талғат Әлиев орманға келген шығынды толық өтеуге міндеттелді.
Өрт кезінде 14 орманшы мен 1 трактор жүргізушісі қайтыс болған.
2023 жылы маусым айының басында «Семей орманы» табиғи резерватында пайда болған өрт тек шілде айының ортасында сөндіріліп біткен. Сот қаулысына сүйенсек, Талғат Әлиевтің өз жұмысына салғырт қарауы салдарынан бірнеше сағатта өшірілуі мүмкін, өртті сөндіруге бір айдан артық уақыт кеткен.
Өрттің уақытылы сөндірілмеуі мемлекетке 161,5 млрд теңге шығын келтірген.