Елімізде еркін криптовалюта саудасына рұқсат беру қажет
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов қазақстандықтардың криптовалюталарға еркін инвестиция салуына жағдай жасайтын кез жетті деп санайды.
Қазір криптовалюта саудасымен Астана халықаралық қаржы орталығында тіркелген биржаларда айналысуға болады. Сүлейменов арнайы айырбастау пунктерінде де сатуды ұсынып отыр. Онсызда қазақстандықтар түрлі крипталарға әртүрлі жолмен инвестиция салып отыр. Оларды заңды айналымға енгізу қажет деген пікірде.

“Елімізде криптовалюта нарығының дамуы әлі де шектеулі. Қырғызстан мен Өзбекстан сияқты елдерде криптовалюта саудасы жалпы заңнама негізінде реттеліп, ел аумағында сатыла береді. Криптовалюта саудасы бойынша Қазақстаннан алда”, - деді төраға.