Алаш сөзі / Тарихи-танымдық арна/


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Елдос Алаштың авторлық арнасы.
Автордың материалын (мәтінін ) пайдаланған жағдайда каналға сілтеме көрсету керек екенін естертеміз.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


📢18 Полезных приложении для учебы и саморазвития

📌Организация
Notion – для заметок и планирования.
Todoist – для списков задач.
Trello – для управления проектами.
Google Keep – для быстрых заметок.
📌Изучение
Quizlet – для запоминания через карточки.
Anki – для интервального повторения.
Microsoft Lens – для сканирования текстов.
Evernote – для хранения заметок.
📌Языки
Duolingo – для изучения языков.
LingQ – для чтения с переводом.
Reverso Context – для примеров перевода.
📌Работа с текстами
Grammarly – для проверки английского.
Hemingway Editor – для упрощения текста.
📌Наука
Mendeley – для научных статей.
Google Scholar – для поиска исследований.
Zotero – для управления источниками.
📌Концентрация
Forest – для фокусировки.
Focus To-Do – для работы по таймеру.


💌Сохраняйте и отправляйте друзьям
Какими приложениями из этого списка вы уже пользуетесь, а какие хотели бы добавить к этому списку?




Айналайындарым!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Ұлт-азаттығы жолында шейіт кеткен қазақтың хандары мен сұлтандарының, билері мен батырларының һәм Алаш қайраткерлерінің, сондай-ақ ашаршылықта, соғыста, Желтоқсан мен Жаңаөзен, Қаңтарда құрбан болған барша ерлердің рухына әл-Фатиха! Рухтары шат болсын!

Елдігіміз бекем, еркіндігіміз мәңгілік болсын!

Мен Қазақ мемлекетінің азаттығына қызмет қыламын!

Жасасын, Алаш, жасасын!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Алашшылдарым, Ұлттық мемлекет күні құтты болсын!
Ұлттық рух қалғымасын!
Сана сергек, қалам жүйрік, Отанымыз тыныш болсын!
Намысы тапталған, жігері мұқалған мына елді ұлтқа айналдырып, рухын асқақтатып, тарихи санасын жаңғыртайық!

Қазақ өзін танып, ұлт болған күні мен қалам ұстауды қоямын. Сол күн тезірек келсе екен!…

12.12.1917
15:00


Қайырлы күн, достар!
Ақтөбедемін. 9-11 арасы осындамын.
Ақтөбелік достарым болса, жекеме жазыңыздар.


АЛАШ КӨСЕМІНІҢ ҰРПАҒЫ ӨТТІ

Кеше, Алаш көсемдерінің бірегейі — Мұхамеджан Тынышбайдың баласы, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Тынышбаев ақсақал 94 жасына қараған шағында өмірден өтті.

Алла Тағала марқұмды панасына алсын.
Рухына әл-Фатиха!




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
7.12 барлықтарыңызды ғажап спектакль-концертке шақырамын!
Келіңіздер!
Алаш ұранын бірге шырқайық!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Кітап оқиық!




Жақсылық көрсең тасқа жаз,
Ғасырдан ғасыр көшірсін.
Жамандық көрсең құмға жаз,
Жел ұшырып өшірсін.




Қызықты сәттермен өмір қызық емес пе!

😁 Қазан айының соңында Талдықорған қаласындағы “Зүбән апа” жекеменшік балабақшасы мені кездесуге шақырды. Тәрбиешілермен кездесуге шақырған болар деп ойладым да қойдым.

📚 Барлыбек пен Ілияс әкелерімнің кітабын шығарып, елге таныстыруға келген соң, уақыт тауып, уәдем бойынша “Зүбән апа” балабақшасына бардым. Міне, бар қызық осы жерден басталды…

✍️ Қатарлас жүрген замандас балалар жазушыларының бірде-бірі балабақшаға кездесуге бармапты.

🧚 Мені ақ қанат періштелер тік тұрып қарсы алып, қазақ дәстүрімен қолыма су құйып, күй тартып, қошемет көрсетті. Бәрі “Елдос Тоқтарбай келді” деп қояды 😉 Сөйтсем, балдырғандар кітабымды үш ай бұрын тапсырыспен алдырып, әбден оқып, талдап тастапты)))

🫅”Құлыншақ” ересектер тобы “Тау құсы” кітабын жаттап-ақ алған екен. Кейіпкер есімдерін жатқа соғып отыр. Маған сұрақ та қойылды. Сергіту сәтінде бірге ойнап, жаттығу жасадық 🙂

📚 “Бала қиялы — ертегі” деген тақырыптағы кездесу — менің мәңгілік санамда жаңғырып тұрар ерекше мезет, мөлдір әлем.

🧑‍💻 Жазушының бақыты — оқырманының ықыласына бөлену. Еліміздің аспан түстес байрағындай киінген кішкентай достарым жазуға деген құмарымды арттырды 🤍

❤️ Жүректерім менің!
Бақыттарың, жолдарың ашық болсын!
Балалық дәурендерің алаңсыз өтсін!

🏘️ Жүрегі бар патшалықтың құрылтайшысы Айнаш Рыскельдинова апайға, “Зүбән апа” балабақшасының бағбандарына ризашылығымды білдіремін.

🤲 Аллаға шүкір! Дегеніме жеткіз, талабымды оңғар, Тәңірім!

#алаш_аманаты
#алаш_сөзі
#елдос_тоқтарбай
#елдос_алаш








ІЛЕКЕҢНІҢ “БЕТАШАРЫ”

📚 Ілияс Жансүгірұлы — менің сүйікті ақыным. Өрен жүйріктің 130 жылдығына орай деп неше жыл ұйқы көрмей түнімен жұмыс қылып ем, міне, соның нәтижесі ретінде алғашқы кітап (Беташар. Бұрын жарияланбаған шығармалар) қолыма тиді. Аллаға шүкір!

Енді, бұйыртса, 📚 4 кітап басылып жатыр… бәрі сәтімен болсын!

📚 “Беташар” — ақынның алғашқы кітабы (1927). Сол алғашқы кітабының атымен бұрын
жарияланбаған шығармаларын қайтадан жинақтап, оқырман назарына ұсындым. Қабыл алыңыздар!

✅ Бұл кітапқа “Беташар”, “Өтірік”, “Сағанақ”, “Балаларға базарлық”, “Жаңа жолда”, “Құл” т.б. еңбектері қамтылды.

✅ Осы кітабымды Ильфа Ілиясқызының рухына арнадым. Аяулы апамның рухы шат болсын!

✅ Бұл кітапқа пікір жазып, әрқашан мені қолдап жүретін алаштану мен әдебиеттанудағы қос алыбым, аяулы Тұрсын Құдакелдіұлы мен Айгүл Серікқызы ұстаздарыма және досым Жаңагүл Шыңғысханқызына ризашылық айтамын.

✅ Кітабым Жетісу облысы әкімінің қолдауымен шықты. Бұл ретте облыс басшылығына, С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапхана ұжымына айрықша алғыс!


ҚАДІРМЕНДІ ӘЛЕУМЕТ!

БҮГІНГІ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕ, ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ – РЕСПУБЛИКА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!


Астана, күт! Астаналық достарды шақырамын!

Показано 20 последних публикаций.