ІЛЕКЕҢНІҢ “БЕТАШАРЫ”
📚 Ілияс Жансүгірұлы — менің сүйікті ақыным. Өрен жүйріктің 130 жылдығына орай деп неше жыл ұйқы көрмей түнімен жұмыс қылып ем, міне, соның нәтижесі ретінде алғашқы кітап (Беташар. Бұрын жарияланбаған шығармалар) қолыма тиді. Аллаға шүкір!
Енді, бұйыртса, 📚 4 кітап басылып жатыр… бәрі сәтімен болсын!
📚 “Беташар” — ақынның алғашқы кітабы (1927). Сол алғашқы кітабының атымен бұрын
жарияланбаған шығармаларын қайтадан жинақтап, оқырман назарына ұсындым. Қабыл алыңыздар!
✅ Бұл кітапқа “Беташар”, “Өтірік”, “Сағанақ”, “Балаларға базарлық”, “Жаңа жолда”, “Құл” т.б. еңбектері қамтылды.
✅ Осы кітабымды Ильфа Ілиясқызының рухына арнадым. Аяулы апамның рухы шат болсын!
✅ Бұл кітапқа пікір жазып, әрқашан мені қолдап жүретін алаштану мен әдебиеттанудағы қос алыбым, аяулы Тұрсын Құдакелдіұлы мен Айгүл Серікқызы ұстаздарыма және досым Жаңагүл Шыңғысханқызына ризашылық айтамын.
✅ Кітабым Жетісу облысы әкімінің қолдауымен шықты. Бұл ретте облыс басшылығына, С. Сейфуллин атындағы облыстық кітапхана ұжымына айрықша алғыс!