соңғы бір-екі ай күні-түні метрода жүріп жатырмыз. қбту-ға солай жетпесем, қала іші кептеліс. мініп-түскенде байқаймын, қолына кітап ұстап, бірдеңелерді оқып тұрғандардың көбі қыздар. түгелі десем де жігіттер ренжімес. бозбала біткеннің бәрі смартфон сипап, өзегі талып, көзінің нұры тайса да ойын ойнап тұрады. ой қозғауды, санаға салмақ салуды қажет етпейтін қоқ-соқпен әуре көбі, салпаң-салпаң…жігіттік шақта ауа теуіп салаңдағандар со беті бостыққа, кежірлікке, әуейілікке әуестеніп, қоғамға пайдасы тимейтін, қажыған, еріккен, идеядан мақұрым, мақұлдасқыш көптің бірі болады екен…
имам Ғазалидің кітабынан оқығаным бар еді: “бос отырған жігіттің жолдасы шайтан болады. оның жүрегі де аты жаманның ұясы. жігіт адам кәсіп, жұмыс-шаруа істеп, зікір айтып өзін шайтанның шатпағынан алыстатсын. жүрегін айтқанына көндіре алмайтын әлсіздер бойды босқа салмай, денесін еңбекке баулысын, жұмыс істесін. бұндай жастың бос отыруына болмайды. хадисте де “Алла тағала бос жүрген жасты ұнатпайды” делінген.”