Askhat Oralov


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Политика


ҚР Мәдениет және спорт министрі

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Политика
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Aqorda 🇰🇿
Президент опубликовал на своей социальной странице в Х пост ко Дню государственного служащего

– Поздравляю госслужащих с профессиональным праздником! Вам отводится ключевая роль в построении Справедливого Казахстана. Вы должны всегда исходить из интересов государства и общества, быть инициативными, ответственными и ориентированными на результат. Желаю успехов в работе! – написал Касым-Жомарт Токаев.


t.me/aqorda_resmi


Репост из: Aqorda 🇰🇿
Президент Мемлекеттік қызметші күніне орай Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында арнайы жазба жариялады

– Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Өздеріңізге Әділетті Қазақстанды құру жолында айрықша міндет жүктелген. Сіздер мемлекет пен қоғам мүддесін қорғап, жасампаздық пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін. Еңбектеріңіз жемісті болсын! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.


t.me/aqorda_resmi




Astana half marathon 2024!


Ораза айт құтты болсын!




Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы құтты болсын!

Әз-Наурыз елімізге құт-береке, барлық бастамаларыңызға толағай табыс әкелсін!

Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!




Құрметті достар, келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт-береке, татулық пен қуаныш алып келсін.

Баршаңызға зор денсаулық, көздеген мақсаттарыңызға қол жеткізу үшін мол күш-жігер тілеймін. Еліміз өркендеп, болашағымыз баянды болсын.

Жаңа жыл – үлкен үміттер мен жаңа бастамалардың уақыты. 2024 жылы барлық арман-тілектеріңіздің орындалуын тілеймін!






Репост из: Aqorda 🇰🇿
Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿 Тәуелсіздік күні құтты болсын!

🇰🇿 С Днем Независимости!


🎦 t.me/aqorda_resmi


Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі! 🇰🇿

Қазақстан - Сан-Марино 3:1


Республика күні құтты болсын!

Елімізде тек бейбітшілік, келісім мен тыныштық болсын. Барлық отандастарыма зор денсаулық, мол бақыт және толағай табыс тілеймін. Отбасы мен туған елге деген сүйіспеншілік сіздерді үлкен жетістіктерге шабыттандырсын.

Осыдан 33 жыл бұрын еліміз Қазақстанның егемендігі туралы Декларацияны қабылдап, тәуелсіздікке маңызды қадам жасады. Біздің азаттығымыз үшін жанқиярлықпен күрескендерді естен шығармай, көк туымыз көгімізде шарықтасын!


Репост из: Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

⚡️Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның тарихи таңдауын айқындаған Егемендік декларациясы – елдігіміздің берік тұғыры. Онда мемлекетіміздің аумақтық тұтастығының мызғымастығы, халқымыздың жалпыұлттық бірегейлігін нығайтуға ұмтылысы және азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік берілетіндігі нақты көрініс тапқан. Осы басты қағидаттар Конституциямызда, заңдарда және Қазақстанның стратегиялық бағыт-бағдарын белгілейтін басқа да құжаттарда көрсетілген.

Республика күні ырысты ынтымақ пен өзара тілеулeстіктің арқасында халқымыздың барлық сын-қатерден сүрінбей өтіп, азаттыққа жеткенін әйгілейді. Біз бабалар аманатына адал боламыз. Ел бірлігін әрдайым нығайта береміз. Егемендігімізді қадір тұтып, көздің қарашығындай сақтаймыз.

Халқымыз тату-тәтті әрі берекелі қоғам құруға бар ерік-жігерін жұмсайды, жасампаз ісімен жаңа белестерді бағындырады. Әрбір отандасымыз Адал азамат деген атқа лайық болып, елімізді дамытуға салмақты сөзімен, өнегелі ісімен үлес қосады.

Біз бірге мақсатымызға жетеміз – баршаға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құрамыз.

🇰🇿Байрағымыз көк аспанда асқақ желбіресін! Ұлттың рухы қашанда биік болсын!

Еліміз өсіп-өркендей берсін!
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

t.me/aqorda_resmi


Еңселі егемендігіміздің тұғырын жалынды жырларымен биіктеткен айтулы ақын, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Несіпбек Айтұлы ағамыздан қапылыста көз жазып қалған екенбіз.

Бар саналы ғұмырын ұлт әдебиетіне жұмсаған, кешегі жыраулардың ізін жалғап, қазақ әдебиетінің алтын қорын сүбелі дастандарымен байытқан ағамыздың ел руханияты үшін орны бөлек еді.

Шын мәнінде тәуелсіздік алған ширек ғасырдан астам уақытты Несағамыздай жырға арқау еткен, тәуелсіздік тарихнамасының көркем шежіресін кестелі тілмен өрнектеген шайыр кемде-кем.

Аяулы ағамыздың ақындықтан бөлек, азаматтық тұлғасы да ерек еді. Өзінің батасын беріп, қашанда қамқор көңілін аяған емес.

Әрқашан ақыл-кеңесін айтып, ақ тілегін жаудырып жүретін. Асыл ағамыздың рухы пейіште шалқысын.

Оқырман сүйсініп оқитын отты жырлары барда, жырға құштар жастар есенде оның жарқын бейнесі ел жадынан ешқашан өшпейді.

Марқұмның туған-туыстарына, жақын-жұрағаттарына, жалпы қабырғасы қайысып отырған барша қазақ руханиятына ауыр қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын.


Победа! Борьба за место на чемпионате Европы продолжается.

После игры с Финляндией наши парни обыграли сборную Северной Ирландии, в очередной раз показав, что опускать руки нельзя никогда. Важнейшие 3 очка команде Казахстана принес точный удар Максима Самородова.

Я поздравляю футболистов и тренерский штаб сборной с этим результатом и, конечно же, благодарю заполнивших стадион «Астана Арена» болельщиков. 30 тысяч человек на трибунах горячо поддерживали команду от стартового до финального свистка, миллионы переживали у телеэкранов.

Глава государства, внимательно следящий за отечественным спортом, тоже посетил эту важнейшую игру, решив лично поддержать футболистов.

Сила, единство и характер – это то, что сборная Казахстана показала сегодня на поле. Впереди еще несколько непростых матчей, но такая игра вселяет уверенность в том, что оставшиеся встречи в рамках квалификации подарят нам немало ярких эмоций.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Жеңіс! Еуропа чемпионатында орын алу үшін күрес жалғасуда.

Финляндиямен ойнағаннан кейін біздің жігіттер Солтүстік Ирландия құрамасын жеңді, бұл бізге қандай жағдайда да үміт үзуге болмайтындығын көрсетті.

Қазақстан командасына ең маңызды 3 ұпайды Максим Самородовтың дәл соққысы алып берді.

Мен футболшыларымызды және команданың жаттықтырушылар штабын жемісті нәтижемен құттықтаймын және, әрине, «Астана Арена» стадионын толтырған жанкүйерлерге алғыс айтамын. Трибуналардағы 30 мың адам команданы басынан бастап соңғы ысқырыққа дейін қызу қолдады, миллиондаған адам теледидар экранына алаңдап көз тікті.

Отандық спортты мұқият қадағалап отырған Мемлекет басшысы да осы маңызды ойынға қатысып, футболшыларға жанкүйер болды.

Күш, бірлік және қайсар мінез – Қазақстан құрамасының бүгінгі келбеті осыны ұғындарды. Алда әлі бірнеше қиын матчтар бар, дегенмен біліктілік шеңберіндегі бүгінгідей ойын біздің кеудемізге үміт отын жағып, жарқын көңіл-күй сыйлайтыны анық.


Алаш жұртының абыз ақсақалы, Қазақстанның Еңбек Ері, классик жазушы Әкім Тарази ағамыздың торқалы 90 жас мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Әкім ағамыз қуатты қаламы арқылы ұлтқа қорған бола білген, кесек те кемел шығармаларымен төл әдебиетімізді төрге оздырған дегдар қаламгер.

Әкім аға сондай-ақ әдебиеттің ғана жүгін көтерген жазушы емес, ұлттық киномыздың да көркем келбетін кескінделген кинодраматург, жалпы қазақ руханиятына, ел мәдениетіне ерен еңбегі сіңген қайраткер тұлға.

Ең бір ерекшелігі, Әкім Тарази жайлы сөз болғанда оның тек шығармашылығы ғана шиырланбайды, замандастары, қаламдастары, жазушы қызмет еткен, өлмес туындыларын өмірге әкелген кезеңдегі тарихи оқиғалар міндетті түрде тегіс тілге тиек етіледі. Бұл дегеніміз, жазушы зертханасының сол дәуірмен қатар тыныстап, оның қырағы қаламы ешқашан қалғып көрмегенін, қоғамнан еш уақытта алшақтап кетпегенін білдірсе керек.

Осы ретте Әкім ағаның тұғырлы тұстастары бейнелеген айшықты теңеуге сүйеніп айтар болсақ «Етікші» дейтін кішкентай ғана әңгімесімен қазақ әдебиеті есігінен еңкейе кірген ағамыз, бүгінде сол ұлттық әдебиеттің әйгілі Әкімі атанып отыр.

Жалынды жазушы ағамыз қашан да егемен елдің еңсесін тіктеп, тәу етер тәуелсіздігімізге өлмес туындылары арқылы тұғыр болып келеді.

Бір сөзбен айтқанда бұл дөңгелек дата Әкім Таразидың ғана меншік мерейтойы емес, төл әдебиетіміздің тұтас қуанышы деп білеміз.

Өз кезегінде осындай мерейлі күнмен жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Роза Мұқанова апамызды да құттықтағым келеді.
Қос классик жарасым тапқан ордалы шаңырақтан қашанда той тарқамасын!

Ұлтымыздың ұстына айнала білген бәйтерек болмыс иесі Әкім ағамызға бар жылы лебізімді тілей отырып, жастан жасқа, жақсылықтан жақсылыққа қуанышпен жете беріңіз дегім келеді.

Әлі де бай шығармашылығыңыздан қол үзбей, асыл қаламыңызды қолыңыздан түсірмей, терең де телегей, көркем де көкжиегі кең туындыларыңызбен халық қазынасын молайта беріңіз деймін!


В этом году Казахстан принял целый ряд больших международных спортивных турниров. Так, в стране прошли чемпионат Азии по легкой атлетике в помещении, чемпионат мира по биатлону среди юниоров и юношей, матч за титул чемпиона мира по шахматам, чемпионат Азии по греко-римской, вольной и женской борьбе, Кубок мира по стендовой стрельбе, турнир по дзюдо Qazaqstan Barysy Grand Slam и другие.

Наши спортсмены добивались громких побед. Например, стоит отметить мужскую сборную по боксу, завоевавшую 4 золотые медали на чемпионате мира в Ташкенте и повторившую, таким образом, рекорд страны. Также не стоит забывать об исторических золотых медалях наших гимнастов, победах национальной сборной по футболу и успехах других атлетов.

По итогам 8 месяцев этого года наши спортсмены приняли участие в 372 международных соревнованиях, где завоевали 243 золотые, 204 серебряные и 226 бронзовых медалей.

Разумеется, вкратце рассказать обо всех достижениях и проделанной нами работе очень сложно. Я благодарю коллег, вместе с которыми мы упорно трудились все это время. Желаю им всяческих успехов и высоких результатов, в какой бы сфере они не работали. Для меня это был очень ценный и особенный опыт. Спасибо.

Показано 20 последних публикаций.

1 185

подписчиков
Статистика канала
Популярное в канале