Atameken Business - Жаңалықтар


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.
Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.
Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness
Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


Базалық мөлшерлемені мерзімінен бұрын төмендетудің салдары қиын болады

Баға қысымы сақталып, инфляция жылдам жүріп, долларлану күшейіп, халықтың жиған қаражаты құнсызданып кетуі мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты.

«Егер мөлшерлеме инфляция деңгейінен және халықтың, кәсіпорындардың, қаржы ұйымдарының күтулерінен төмен болса, онда қазіргі кезде 32,0 трлн теңге болатын теңгелік салымдар депозиттік ставкалардың төмен болуына байланысты өз тартымдылығын жоғалтып, айтарлықтай қысқарады», - деді Тимур Сүлейменов.


Базалық мөлшерлемені төмендетудің теріс салдарлары:

🔗Адамдар бағаны одан әрі жеделдетуді күтіп, тауарлар мен қызметтерді тез тұтына бастайды;

🔗Қаражаттарды валюталық активтерге аударуы, банк жүйесінен депозиттердің кетуі, қолма-қол ақшаның өсуі, жылжымайтын мүлікті қоса алғанда, ұзақ мерзімді тұтыну тауарларын сатып алуы күшейтіледі;

🔗Жылжымайтын мүлік бағасы өседі, тұрғын үй мемлекеттік бағдарламаларын құнсыздандырады;

🔗Тұтынушылық сұраныстың артуынан импорттың өсуі валюта нарығына қосымша қысым жасайды, өйткені тұтыну тауарларының негізгі бөлігі шетелден әкелінеді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Астанада вокзал аумағында жүк контейнері жарылды

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, жарылыс ескі вокзал аумағындағы тұрғын үйлерге сезілген. ҚТЖ бөлімшесі кезекшісінің мәліметінше, 12-ші сұрыптау жолында платформадағы контейнерде жарылыс болды.

«14 ақпан күні сағат 00:30-да Астана станциясының сұрыптау жолында жүк контейнерінде жарылыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша контейнердегі жүк – электр жабдықтары (трансформаторлар, генераторлар) болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады «ҚТЖ» компаниясының баспасөз қызметі.


Контейнер жеке компанияға тиесілі болған.

ТЖМ оқиға орнына құтқарушылар жеткенін, өрт болмағанын хабарлады.

«Оқиға нәтижесінде бір адам жарықшақтан қолын аздап кесіп алды. Жедел медициналық жәрдем бригадасы көмек көрсетті, ауруханаға жатқызу қажеті болмады», - делінген хабарламада.


Уәкілетті органдардың қатысуымен тергеу басталды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!☃️❄️

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
«Ашықтық жоқ»: қоқыс шығаруға төленген ақша қайда кетіп жатыр?

Қоқыс шығаратын компаниялар тарифтің төмендігін айтып, бағаны көтермекші әрі мемлекеттен субсидия сұрайды.

«Түскі формат» бағдарламасына қатысқан Астана қаласының басқару және сервистік компаниялар қауымдастығының президенті Жамал Доржигулова жүйенің дұрыс еместігін айтады. Оның айтуынша, кәсіпорындар табысын жасырып, жыл сайын жаңа шығын ойлап тауып, соны сылтау етеді. «Табысын ашық көрсетпей, тарифті көтеру әділетсіз»,- деген пікірде.

Ал Экология министрлігінің өкілі «Қоқыс шығару тарифі министрліктің құзіретінде емес оны әкімдік бекітеді», - деді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Қоқыс шығару тарифі бірден 3 есе өсуі мүмкін.

Қазір Елордада баға 390 теңге болса, соны 1003 теңгеге дейін арттыру ұсынылып отыр.

Тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау қызметтерінің құнын көтеру мәселесін ертең елордаданың мәслихат депутаттары кезекті сессияда қарамақ. Бұл құжаттың жобасы өткен жылдың қараша айында «Ашық» нормативтік құқықтық актілер порталында жарияланған-ды. Бастапқы кезеңде бастама мақұлданбады. Десек те бұл мәселеде депутаттар, қоғам белсенділері мен әкімдік әлі күнге дейін ортақ шешімге келген жоқ.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
"Құдай Ресей мен Украин халқын жарылқасын" деген Трамп Путин мен Зеленский бейбітшілік орнатуды қалайтындарын айтты.
Украинадағы жағдайға Президент Тоқаев та пікірін білдірді.

Қоймада шіріп жатыр. Павлодарлық шаруалар мыңдаған тонна сәбізін 50 теңгеге де өткізе алмай отыр.

Жол ережесін жиі бұзатындарға айыппұл төлеуде 50 пайыздық жеңілдікті алып тастау ұсынылды.

"Білімнен береке, Мәдениеттен мән кетті". Шымкентегі қос сала мекемелері кәсіподағының мүшелері сыбайластық жайлап кетті деп дабыл қағуда. Бұған қала әкімі орынбасарының қатысы бар ма?

Толығырақ сағат 19.00-де Басты жаңалықтардан көре аласыздар.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Президент мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2025 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Әкімдіктерге азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру тапсырылды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Зеленский экс-президент Порошенкоға қарсы санция енгізді

Украина президенті Владимир Зеленский өзіне дейін елді басқарған Петр Порошенкоға қарсы санциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Тізімде бизнесмендер Игорь Коломойский, Геннадий Боголюбов, Константин Жеваго және бұрынғы депутат Виктор Медведчуктың да аты аталады.

«Украинаны, елдің мүддесі мен қауіпсіздігін сату арқылы түскен миллиардтар бұғатталуы тиіс. Олар Украина мен ел халқының қорғанысына жұмыс істеуі қажет», - деді Зеленский ел халқына жасаған бейнеүндеуінде.


Құжатқа сәйкес, санкциялар шексіз уақытқа салынады әрі ондаған шектеуден тұрады. Атап айтқанда, мүлікті бұғаттау, сауда операцияларына толық тыйым салу, Украинаның мемлекеттік наградаларынан айыру, капиталдың шетелге шығарылуына тосқауыл қою, экономикалық және қаржылық міндеттемелерін тоқтата тұру. Бұдан бөлек Порошенкоға мемлекет меншігін жекешелендіруге әрі жалға алуға, жер учаскелерін сатып алуға тыйым салынады.

Экс-президент Петр Порошенконың сөзінше, ел билігі шығарған шешімнің саяси астары бар және бұл Зеленскийдің жеке тапсырмасы бойынша жасалып жатыр. Жергілікті БАҚ бұл санкциялар Порошенконың елдегі саяси және экономикалық ықпалын азайту мақсатында енгізілді деп отыр.

Айта кететіні, Петр Порошенко 2014-2019 жылдар аралығында Украинаның президенті болды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


SGS компаниясы оқушылардың білім алуына инвестиция құюда

Сынақ, инспекция және сертификаттау саласындағы әлемдік көшбасшы SGS компаниясы AYALA қайырымдылық қорымен бірлесіп, Атырау қаласындағы № 43 орта мектепте химия кабинетін жаңғырту бойынша әлеуметтік жобаны іске асырды. 

SGS компаниясының қаржылай қолдауының арқасында оқу мекемесі мектеп оқушыларына жаратылыстану ғылымдарын үйренуде жаңа мүмкіндіктер ашатын заманауи жабдықтарға ие болды.

№ 43 мектептегі жаңа химия кабинеті озық құралдармен және технологиялармен жабдықталған шағын ғылыми орталыққа айналды. Онда оқушылар химиядағы теориялық және практикалық білімдерін дамыта отырып, толыққанды зертханалық тәжірибелер мен эксперименттер жүргізе алады. Бұл жоба білім сапасын арттыруға және оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған. Ол сондай-ақ жасөспірімдерді инженерлік мамандықтарға тартуға көмектеседі.

Толығырақ inbusiness сайтынан оқи аласыздар.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайға пікір білдірді.

“Қазір Украина жөнінде көп айтылып жатыр. Біз алғашқы кезден бастап осы соғысты міндетті түрде тоқтату керек, дипломатиялық келіссөздер арқылы бір мәмілеге келу қажет деп айттық. Бұл ұстанымымыз енді шындыққа айналды.

Екі алпауыт ел саяси сұхбат жүргізе бастады. Бұл – жақсы үрдіс. Әрі Қазақстанға пайдасын тигізеді. Сондықтан біз мұны мейлінше қолдаймыз, – деді Мемлекет басшысы.


Президент “жұмысшы мамандықтарының қаласын” аралап, жастарға еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екенін жеткізді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Экс-шенеунік Ержан Бабақұмаров 15 тәулікке қамалды. Әрі 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Астана полициясы Toyota Land Cruiser Prado көлігін тоқтатып, Бабақұмаровтың жеңіл дәрежедегі мас күйінде рульде болғанын анықтады.

Ержан Бабақұмаров "Орталық коммуникациялар қызметінің" бұрынғы директоры, экс-президент кеңесшісі және Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары болған.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Еуропа Украина мәселесін Путин мен Трамптың өзара шешуіне наразылық білдірді

Еуропа елдері Украинадағы соғысты аяқтауға қатысты кез келген келіссөзге қатысуы тиіс. Бұл туралы Германия, Франция, Польша, Ұлыбритания, Испания, Италия және Еуроодақтың бірлескен мәлімдемесінде айтылған. Тиісті құжат АҚШ және Ресей президенттерінің телефон арқылы Украина мәселесін талқылағаннан кейін жарияланды.

«Украинадағы әділ әрі ұзақ мерзімді бейбітшілік – сенімді трансатлантикалық қауіпсіздіктің маңызды талабы», - делінген мәлімдемеде.


Еуропалық дипломаттардың бұл мәселеде Ақ үймен бірге өзара әрекеттесуді тағатсыздана күтетіні де жазылған.

«Біз Украинаға қолдау көрсетуімізді арттыруға дайынбыз. Біз оның тәуелсіздігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын Ресейдің агрессиялық соғысынан қорғауды қолдаймыз», - делінген құжатта.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ғалымдар Яссауи кесенесінде зерттеу жүргізіп жатыр

Бұл жұмысқа Қазақстаннан бөлек, Ресей, Иран және Өзбекстанның арнайы институттары тартылған. Ғалымдар тарихи ғимаратқа жергілікті жердегі факторлардың ықпалын зерттеп жатыр. 2023-2025 жылдар аралығындағы зерттеу жұмыстарына 600 млн теңге қаражат бөлінген. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев айтты.

“Негізінен инстиуттар 4 бағытта зерттеу жүргізеді. Ауаның, судың, топырақтың ылғалдылығын зерттейді.

Институттар алғашқы екі жылдың нәтижесін берді. Кейбір суару нысандарының жақын маңда болуы белгілі бір деңгейде (кесенеге) әсер етуі мүмкін деген қорытынды жасалды. Содан кейін жақын маңдағы 1800 шаршы метр аумақтағы газондар алынып тасталды. Табиғи қалпы қалпына келтірілді”, - деді.


Айта кетейік, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағында биіктігі жеті метрден асатын ғимарат салуға заңмен тыйым салынды.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Жол ережесін жиі бұзатындардың куәлігін тартып алып, қайта емтихан тапсыруға жіберу қажет.

Сенат депутаты Марат Қожаев бұл процесті заңмен бекітуді ұсынды.

Өзінің депутаттық сауалында сенатор бір жылда бір жүргізушінің 143 ереже бұзғанын мысал етті. Көбіне заңға бағынбайтындар ауқаттылардың балалары дейді.

«Мәселен, бір жыл ішінде бір ғана жүргізуші 143 ереже бұзған жағдай тіркелді, ол 3 млн-нан астам теңге айыппұл арқалады. Бұл бір ғана мысал емес. Мұндай жүргізушілердің саны Алматыда ғана емес, бүкіл ел бойынша жүздеген, тіпті мыңдаған болуы мүмкін.

Көлік маркаларына және сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлеріне қарағанда, көбінесе ереже бұзатындар ауқатты отбасылардан шыққан жастар екені байқалады. Олар жол ережелерін елемей, әдейі апатты жағдайларға әкеліп, жолдарда қауіпті маневр жасайды.

Осылайша қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзады. Айыппұлды 50% жеңілдікпен төлей отырып, олар заңды ашық түрде бұзып, көшелерді қауіпті ойын алаңына айналдырып отыр», - деді депутат.


Депутат осындай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салу жеткіліксіз екенін айтып, бірқатар ұсыныс тастады:

📌Техникалық құралдармен тіркелген 10 және одан да көп ереже бұзған жүргізушілер үшін теориялық емтиханды қайта тапсыруды міндеттеу мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

📌Жол ережелерін қайталама бұзу жағдайлары үшін жауапкершілікті күшейтіп, уақытша жүргізуші куәлігінен айыруды да енгізу қажет.

📌Бұдан басқа белгілі бір кезеңде жасалған ереже бұзушылықтардың санын ескеретін сараланған жазалау механизмін әзірлеген жөн.

📌Жүйелі түрде жол ережесін бұзатындар үшін айыппұлды 50% жеңілдікпен төлеуді мүлдем алып тастау қажет, - деді сенатор.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Бүгінде теңгенің құнсыздануына әсер ететін ешқандай фактор жоқ

Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов осылай деді. Сөзінше, әдетте Ресейге салынған санкциялар көбейсе, төл теңгемізді теңселтпей қоймайтын.

Ал күні кеше болған Трамп пен Путин арасындағы келіссөздердің келешекте қалай әсер ететінін бағалау қиын, - деді.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Түркістанға ұшатын рейстердің саны көбейеді

“Қазір еліміздің әуе паркіне 16 жаңа ұшақ қосылайын деп жатыр. Сондықтан Көлік министрлігімен бірлесе жұмыс істеп, Түркістанға келетін рейстердің санын көбейтуге тырысамыз", - деді спорт және туризм вице-министрі Ержан Еркінбаев.


Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Түркістанның туристік әлеуетін дамытуда Өзбекстанның тәжірибесін қарау керек

Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты. Оның сөзінше, Түркістан қаласының туристік әлеуеті өте зор. Өзге мемлекеттердің тәжірибесін зерттеп, тарихи қаланың туризмнің дамытуда әртүрлі тетіктерді қарастырған жөн, дейді.

«Самарқандқа жылына бірнеше миллион турист барады. Әртүрлі жерлерде Самарқанд туралы ақпарат таратылады. Ташкент пен Самарқандтың арасында арнайы жылдам пойыздар да іске қосылды. Түркия да Анталияда туризмді дамыту үшін қаншама еңбек етті. Бұл да үлкен кешенді жұмыс. Соның арқасында Түркия үшін туризм негізгі табыс көздерінің бірі. Сол сияқты Түркістан да бізге үлкен табыстың, екінші жағынан Қазақстанды насихаттауға мүмкіндік беретін үлкен бір орталық болар еді», - деді Мәулен Әшімбаев.


Айта кетейік, Сенат Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заң жобасын мақұлдады.

Құжатқа сәйкес Түркістан қаласының тарих және мәдениет ескерткіштері мен мұра объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қорғау аймақтарында орналасқан объектілерді басқарудың және олардың бүтіндігін сақтап тұрудың тиімді жүйесін құру қарастырылған.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Сіз қоқыстарды сұрыптайсыз ба?
Опрос
  •   Иә, тәртіпке бағынамын
  •   Солай жасағым-ақ келеді, бірақ ауламызда қоқыстарды сұрыптап, бөлек салатын жәшіктер жоқ
  •   Қағазын,тамағын,шынысын бөлек тастағаннан не пайда? Үш жәшіктің ішіндегісін бір қоқыс көлігі әкетеді
  •   Сіздің пікіріңіз


Илон Маск НАТО-ны толығымен қайта құру қажет деп санайды.

Бұл туралы АҚШ-тың үкімет тиімділігін арттыру департаментінің басшысы X әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Сенатор Майк Ли «қырғи қабақ соғысының кезеңі баяғыда аяқталғанын», «ұйымның қызметі әбден ескіргенін» айтқан еді. Осылайша Маск бұл пікірді қолдайтынын көрсетіп отыр.

Ол осыған дейін де АҚШ-тың трансатлантикалық бағыттағы саясатын бірнеше рет сынға алған еді. Әрі АҚШ бюджетіндегі айтарлықтай тапшылық жағдайында ұйымның қорғаныс шығындарын азайту қажет екенін мәлімдеген.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz


Армения Парламенті ЕуроОдаққа кіру туралы заң жобасын мақұлдады

Құжат бірінші оқылымда бірден қабылданды. Еуроодаққа кіруді 63 депутат қолдады. Тек 7 адам қарсы дауыс берді. Бұл бастаманы алғаш болып «Демократиялық күштер алаңы» азаматтық
қозғалысы көтерген. Заң жобасын әзірлеу үшін халық қалаулылары екі айда 60 мың қол жинаған.

Ұсынысты ел Үкіметі де қолдап отыр. Алайда, соңғы шешім жалпыұлттық референдум арқылы қабылданады.

2024 жылдың қыркүйегінде Армения мен Еуроодақ ресми түрде визаны либерализациялау туралы келіссөздерді бастады. Еурокомиссия өкілдері екіарадағы визалық режимді жою “тарихи оқиға” деп бағалаған болатын.

Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

Показано 20 последних публикаций.