“Әр балаға 70 мың теңге”
Еңбек министрі жәрдемақыға қатысты бастамаға пікір білдірді.
Светлана Жақыпованың сөзінше, әр балаға 70 мың теңге төлем үшін 3 трлн теңге қаражат қажет.
Естеріңізде болса, мәжіліс депутаты Гаухар Танашева әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды ұсынып, сауал жолдаған болатын.
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz

“Елімізде 5 млн бала бар. Оларға мұндай төлем жасауға 3 трлн теңге керек болады. Бізде ондай мүмкіндік бар ма? Бұл салықты 10 пайыз емес, 20 пайызға өсіру керек деген сөз. Біз оған дайынбыз ба? Қазір жергілікті деңгейде бағдарламалар көп. Бюджет бойынша аудит өткізгенде жәрдемақылардың 144 түрі бар екенін анықтадық”, - деді Светлана Жақыпова.