Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🚗Азаматтардың шетелден көлік әкелу мәселесі қаралып жатыр
1 желтоқсаннан бастап азаматтарға шетелден 3 жылға дейінгі жаңа көлік кіргізуге тосқауыл қойылады деген мәселеге министр Мәди Тәкиев түсініктеме берді.
Автор: Балжан Смаилова
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz
1 желтоқсаннан бастап азаматтарға шетелден 3 жылға дейінгі жаңа көлік кіргізуге тосқауыл қойылады деген мәселеге министр Мәди Тәкиев түсініктеме берді.
«Бұл мәселені жалпы бірнеше министрлік қарап жатыр. Оны өзіміз алып шығарып жатқан жоқпыз. Біз шетелден көлік кіргізу процесінің тізбегінде ең шетінде тұрмыз. Шлагбаумды ашамыз да, жабамыз.
Ол мәселені қарайтын Сауда министрлігі, Өнеркәсіп министрлігі бар. Кеше Үкімет отырысында айттым, осы сұрақты қайта қарайық дедім. Барша тәуекелдерді қайта қарап шығайық деп айттық.
Бұл өзгеріс тура 1 желтоқсаннан бастап күшіне енеді деп айту ерте. Яғни, 1 желтоқсанда өзгеріс болады деп күтпеуге болады. Бір аптаның ішінде нақты шешім қабылдаймыз», - деді Қаржы министрі
Автор: Балжан Смаилова
Бізге жазылыңыз -> t.me/atamekenbusiness_qaz