💰Рахмоновтың қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Шавкат Рахмонов 350 мың доллар, ал Иэн Гэрри 150 мың көлемінде кепілдік жарна алады. Бұл туралы Sportalmag 📝хабарлады.
Жеңімпазға 100 000 доллар көлемінде бонус тағайындалған. Сонымен қатар, екі жекпе-жек шеберіне де UFC демеушілерінен 6 000 доллар көлемінде сыйақы берілмек.
Александр Пантожа мен Кай Асакураның төлемдері сияқты, Рахмонов пен Иэн PPV сатылымының бір бөлігін алады. Жалпы сатылымдар күтілетін деңгейге жетсе, Рахмонов қосымша 300 000 доллар, ирландиялық 150 000 доллар табады.
Кепілдендірілген төлемдер мен бонустарды қоса алғанда Рахмоновтың жалпы сыйақысы $800 мың, ал Гэрридікі $450 мыңға дейін жетеді деп күтілуде.
💪Айта кетейік, 8 желтоқсан күні таңертең Шавкат 🇰🇿 (18-0) Лас-Вегаста аралас жекпе-жектен UFC 310 турнирінде Ирландия 🇮🇪өкілі Иэн Гэрримен (15-0) жұдырықтасады.
🖥Жекпе-жектің тікелей трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша сағат 09:00 шамасында басталып, UFC ресми сайтында тамашалауға болады.
https://t.me/atamekenbusiness_sport