Мерей Ақшалов басшылық қызметке тағайындалуы мүмкін
🥊Қазақстандық боксшы Мерей Ақшалов Қостанай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының жаңа басшысы қызметіне тағайындалуы мүмкін.
Спортшының кандидатурасы бойынша соңғы шешімді Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.
Естеріңізге сала кетейік, Мерей 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан өнер көрсеткен болатын. Бес жылдан кейін Алматыда өткен әлем чемпионатында, Аммандағы Азия чемпионатында алтыннан 🥇алқа тағынды. Алайда мансабының шыңына жеткенде денсаулығына байланысты кәсіпқой бокстан кетуге мәжбүр болды.
Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Ақшалов Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резервтегі республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры қызметін атқаруда.
https://t.me/atamekenbusiness_sport