🇰🇿Эльмира Сыздықова - Иван Ярыгин кубогының үш дүркін чемпионы 🏆
🤼♀️Қазақстандық балуан Ресейдің Красноярск қаласында өткен Олимпиада чемпионы Иван Ярыгинды еске алуға арналған дәстүрлі халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Финалда ол моңғолиялық Энх-Амарын Даваанасанмен күш сынасты. Спортшылар 76 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, кездесудің нәтижесінде қазақстандық спортшы 8:1 есебімен жеңіске жетті. Финалдық белдесуге дейін Эльмира жолында кездескен қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді.
Атап айтқанда, Лилия Нуралиеваны (іріктеу – 6:0), Дарья Баландинаны (ширек финал – 10:0) және Ольга Козырёваны (жартылай финал – 10:0).
Осылайша, ол финалға дейінгі есепті 26:0 көрсеткішімен аяқтады. Керемет нәтиже! 👏
Айта кету керек, бұл Эльмираның Иван Ярыгин кубогын үшінші рет жеңіп алуы.
🇰🇿62 келіде Виктория Хусаинова күміс🥈медаль иеленді. Ол беларусь балуанымен 4:4 есебімен тең түсті. Бірақ, төрешілер жеңісті қарсыласқа берді.
🇰🇿62 келі салмақ дәрежесінде Дубек Тыныс қола 🥉медальға ие болды.