21-жастағы қазақстандық футболшы Испания 🇪🇸чемпионатында хет-трик жасады
Испанияның 5-дивизионының 19-турында «Менсахеро» клубының 21 жастағы қазақстандық шабуылшысы Данил Анкудинов «Бусанада» командасына қарсы ойында хет-трик жасады. Кездесу 4:1 есебімен «Менсахероның» пайдасына аяқталды. Анкудинов 1, 19 және 27-минуттарда гол ⚽️ соқты. 
📊Бұл жеңістен кейін «Менсахеро» 30 ұпаймен турнир кестесінде жетінші орында тұр, ал «Бусанада» 18 ұпаймен 15-орында орналасқан. 
Данил Анкудинов 2024 жылы «Менсахеро» клубына қосылды. Бұған дейін ол Беларусьтің «Днепр-Могилев», Литваның «Джюгас», Арменияның «Ван», Молдованың «Шериф» және Ресейдің «Родина-2» клубтарында ойнаған. Сондай-ақ, ол 🇰🇿Қазақстанның 17, 19 және 21 жасқа дейінгі жастар құрамаларына шақырылған. 
https://t.me/atamekenbusiness_sport