🥊Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласының есімі белгілі болды
✍️Инсайдер Дэн Рафаэльдің мәліметінше, Әлімханұлы титулдарын қорғау үшін Шакил Томпсонмен (13-0, 9 KO) жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге жақын. Кездесу сәуірдің 5-жұлдызында Астанада өтеді деп жоспарлануда.
Шакиел бұл кездесуге дейін 7 ақпанда Англияның Шеффилд қаласында дайындық жекпе-жегін өткізеді.
Британилық боксшы орта салмақта IBF European және WBO Global титулдарының иегері екенін де айта кетейік.

"Орта салмақта IBF және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) өзінің туған жері Қазақстанда титулдарын қорғау үшін Шакил Томпсонға (13-0, 9 КО) қарсы жекпе-жек өткізу жөнінде келісімге жақын. Томпсон WBO рейтингінде 9-орында тұр. 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы, 31 жастағы Әлімханұлы үшін бұл өзі қалаған қарсыласы емес. Бірақ, басқа чемпиондар немесе танымал үміткерлер онымен жұдырықтасуға қызығушылық танытпағандықтан, 27 жастағы Томпсон қазіргі таңда ең тиімді нұсқа", – деп жазады Дэн Рафаэль.
Шакиел бұл кездесуге дейін 7 ақпанда Англияның Шеффилд қаласында дайындық жекпе-жегін өткізеді.
Британилық боксшы орта салмақта IBF European және WBO Global титулдарының иегері екенін де айта кетейік.