Менің айтқан сөзіме сенбеңіз. Өзіңіз тексеріп көріңіз, бір жыл уағызшының қасында жүріп тіл ұстартып көріңіз. Дінге шақырып жатқан ештеңем жоқ. Бүткіл лингвистикалық паттернді үйреніп шығасыз. Адамзат риторикасының формуласы болса, оны үйренудің әмбебап формуласы - діни кітаптарды аудару мен уағыз айту. Шет тілінде уағыз оқып, тыңдап, оны өз тіліңе аударып, көпшілік жерде айтып үйренген бір жылыңыз бес жыл тіл үйренуіңізге татиды десем артық айтпаған болар едім.
Стендап шоулар қайдан шықты десең, оның да бір аяғы уағызшылықтан шыққанын көресіз.
Айтыскер ақыннан тілімізді жетік меңгерген адам кем де кем. Ең мықты айтыскерлеріміз кейін кім болды? Дұрыс. Уағызшы.
Діни кітаптар бір уақытта жазылды деп ойлаған адамнан аңқау адам жоқ.
Олар құр қияли әңгімелер емес, ерте адамзат тұрмысының тілдік құбылыстарын бойына ғасырлап жиған деректердің ықшамдалған базасы деуге болады.