Аударгазм🇰🇿🇬🇧🇷🇺


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Ағылшын, орыс тілдерінен қазақшаға және кері аударудың машақаты

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций


#English_is_the_new_Kazakh айдары.

🇷🇺 Потерпеть крах
🇺🇸To go belly up - (сөзбе сөз аудармасы "қарны аспаннан келу)
🇰🇿Аяғы аспаннан келу /күйреу/сәтсіздікке ұшырау/банкрот болу


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Менің айтқан сөзіме сенбеңіз. Өзіңіз тексеріп көріңіз, бір жыл уағызшының қасында жүріп тіл ұстартып көріңіз. Дінге шақырып жатқан ештеңем жоқ. Бүткіл лингвистикалық паттернді үйреніп шығасыз. Адамзат риторикасының формуласы болса, оны үйренудің әмбебап формуласы - діни кітаптарды аудару мен уағыз айту. Шет тілінде уағыз оқып, тыңдап, оны өз тіліңе аударып, көпшілік жерде айтып үйренген бір жылыңыз бес жыл тіл үйренуіңізге татиды десем артық айтпаған болар едім.
Стендап шоулар қайдан шықты десең, оның да бір аяғы уағызшылықтан шыққанын көресіз.
Айтыскер ақыннан тілімізді жетік меңгерген адам кем де кем. Ең мықты айтыскерлеріміз кейін кім болды? Дұрыс. Уағызшы.
Діни кітаптар бір уақытта жазылды деп ойлаған адамнан аңқау адам жоқ.
Олар құр қияли әңгімелер емес, ерте адамзат тұрмысының тілдік құбылыстарын бойына ғасырлап жиған деректердің ықшамдалған базасы деуге болады.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Қайырлы күн, бүгін тағы бір аудиохабардың реті туып отыр.

Тақырып "интонация", яғни дыбыс ырғағы. Ілеспе аудармашыға баяндаушының тек сөйлеген сөзіне ғана емес, жалпы жиынның/тақырыптың табиғатына қарай дауыс ырғағына да мән беруі маңызды.
Келесі үнхабарды тыңдап, дауыс ырғағының мәтінді қабылдауға қалай әсер ететінін байқауға болады.

Аудармашы-синхронисттің дикциясына қойылатын талап театр әртістері мен дикторлардың даусы мен дикциясына қойылатын талаптан жеңіл, дегенмен, сол саладан бір-екі тәсілді меңгеріп алғанымыз сөзімізге тиянақты да сенімді әр беретінін байқап жүрмін. Аудионы тыңдап шығып, алып қосарларыңыз болса ортаға салыңыз.


Abai Bentin, Жоғарыдағы видеоны ермекке дыбыстаған едім. "Қой сен дыбыстамай-ақ қой", "дубляж болмаған соң ешкім қарамайды", "гоблин-сымақ" т.б. сын-келемежге қалған дүние.
Скетч 8-9 жыл бұрын аударылғанын ескерсек, бұдан да тәуір, бұдан да жинақы аударар ма едім деп ойлаймын, содан бергі жинаған тәжірибеме сүйеніп. Бірақ, дыбыстау тұрғысында нендей бір актерлік, пародистік өнер шыңына жете қойғаным жоқ.
Сондықтан, ендігәрі дыбыстауға аяқ аттап басуым қиын. Тек репликаларының мәтінін аударып беру болмаса, дыбыстаудың өзін ең құрыса Жүргеновтың студент-актерлеріне жасатқан дұрыс деп ұйғардым.

Адам өзі тәжірибе жиған сайын, басқалардың тәжірибесін де бағалай түседі. Актер адам тәжірибелі аудармашының ісін қатырмайтыны секілді, аудармашы да дубляжды салған жерден қатыра қоюы неғайбыл дүние. Тіл білгеннің бәрі аудармашы емес, фильмді мөлдіретіп аударса да, аудармашы оны сол деңгейінде мәнерлеп дыбыстай алатын актер, не диктор емес. Осыны түсініп, сапа қусаң, әр істің маманына жүгінген дұрыс.

649 0 1 16 23

Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Ағылшын тілінде де, орыс тілінде де өзінің синонимдерін жұтып тынған немесе орынды-орынсыз қолданыла беретін "процесс", "ситуация", "момент", "атмосфера" деген сияқты мағынасы көмескі сөздер баршылық.

Біріздену жолға қойылған глобализация заманында бұл құбылыс қарқынын асырмаса, кеміткен жоқ.

Дәл сол сияқты, "мүмкіндік", деген сөз де "возможность" дегеннің көрінеу аудармасы болғаны басқа сөздерді жұмысынан айырып, ауыздан бездіріп, ешкім болса да оқымайтын әдебиеттің қалың қатпарына тығып бітті. "Мүмкіндік" сөзіне жұлдызым қарсы түгім жоқ.
Тек оны онсыз да  жиналыстың хаттамасы сияқты қақсыған құрғақ мәтіндер алды-артынан зорлап жатыр.
Сол байғұсты сайға да, салаға  да тыға бермей, тіліміздің контекстіне қарай "мұрша" ("наплыв заказов не дает возможности завершить капитальный ремонт"),  "ерік" (отнял возможность самостоятельного выбора), "мұрсат" (не оставил никаких  возможностей для перемирия)
тіпті жағдай ("создавать возможности для обучения и развития молодежи"),
тіпті "орай" (не упускал возможности упрекнуть"), 
тіпті "сәт" (имел возможность общаться),
тіпті "әлеует, қабілет" ("финансовые/производственные возможности компании"),
тіпті "қайрат", "әл-дәрмен" (" угасают функциональные возможности организма")
тіпті "шама-шарқы" ("надо исходить из собственных возможностей")
тіпті "жер"  ("увы, это была твоя возможность сказать правду, но теперь уже поздно"),
тіпті "жол" ("давайте рассмотрим различные возможности рефинансирования") .
Тіпті "реті" ("если будет возможность, лучше, конечно, тебе остаться")
Конекстке қарай басқа да жолдары бар екеніне күмәнім жоқ.
Бұлардың барлығы қарапайым қазақ үшін "мүмкіндіктен" жеңіліп тұрған тұсын айтайын.
Жоқ, мәселе бұларды білмеуде емес. Жаттап алам десең де бас-аяғы жиырма сөзден аспас.
Мәселе мынада — бұлардың бәрі
орысшадан сөзбе сөз ("буын ба буын") аударғанға ыңғайсыз, себебі бұлардың әр қайсысы сөйлемді, кейде тіпті тіркескен сөздерінің құрылымын өзгертіп, кейбірі қасына "бауыр басқан" көмекші сөздерін де қоса ала жүреді.

"реті келсе, ", "шындықты шырылдататын жерің еді",  "әл-дәрменнен айрылды", "қайраты қайтты", "шама-шарқыңа қарау керек", "сөйлесудің сәті түскен еді", "орайын мүлт жібермеуші еді", "жағдай жасады",  "таңдау еркінен айырды", "мұрша бермеді" т.с.с.

Иә, кейбір тұста, Назгүл ханым айтпақшы, кейбір калька сөздер сөйлемді түсініксіз етеді.
Бұл, әлбетте, қазақи ортада өскен адамды абдыратып, ашуын тудырады.
Бірақ, адамдардың құлағы да, көзі де бұған үйреніп, соңғы кезде ашулану да азайған, яғни калькалар бірізденсе, түсініспеу мәселесі де азая бермек.
Лингвист ретінде, бұл жағдайға
қуанар ма едім. Тек, түсініспеуден де зор өкініш бар.  
Ол — сол бірсарынды калькаға малшынған тілдің жалпақ жұртқа қазақтың төл сөзінен гөрі  түсініктірек бола бастауы.

Бұдан тілің жұтайды, демек, әр жағдайға тән иірімінен айрылған ойың да соғұрлым олқы болмақ.
Кеше ғана екінің бірі, егіздің сыңары білген сөздер ендігі жерде шаң басқан, тарихи "экзотикаға" айналмақ.
Санам бұл ащы жайтты "табиғи үдеріс" деп қабылдаса да, жүрегім қабылдай алар емес.
Қанша жерден көңілшектіктен безіп, бейтарап лингвист болуға тырыссам да, сөздік қорымыздың еректілді дисфункцияға ұшырап, аударма ісі жаныңды аудагазмға бөлейтін кәсіптен механикалық фрикцияға айналғанын қаламаймын.

#еректілді_дисфункция

972 1 11 5 48

"Заказать" сөзін аударудың тағы бір жақсы әдісі өзгелік етіс.

- Я заказ эту шляпу из Австралии.
- Мен бұл қалпақты Австралиядан алдырдым.

Бұл контекстегі кез келген орайда "тапсырыс бердім" деген өлі тіркестің орнына"алдырдым", "алдырттым" деген ауызға жатық сөздерді қолдануға болады.


Кейде өзіме мазмұны не мақамы ерекше ұнаған мәлімдемелерді қазақшалағанды ұнатамын. Мынау Еуропа оңшылдарының әзіл-шыны аралас манифесті.
Қазақшасында түпнұсқаға тән кекесінді реңкті сақтауға тырыстым:

"Үрмөтлү отар елдер!

Адамзат тарихы жер, азық, су, әйелдер сияқты игіліктер үшін үнемі өзара қақтығыс пен бақталасудан тұрады.
Сендер Еуропалық нәсілдің бұл бәйгеде әлемнің басқа нәсілдерінен оза шапқаны жайлы үнемі шағым айтып, жыламсырап жүресіңдер.

Сен сорлыларға салса, біз әлемді жаулау мен барлауда сендерден озып кеткеніміз үшін өзімізді кінәлі сезінуіміз керек екен.
Сендер жеме-жемге келгенде өздеріңнен күштірек, ақылдырақ боп шығып, шүбәсіз жеңімпаз болған адамдардан енді келіп сол үшін кешірім сұрап, құн төлегенін қалайсыңдар.

БІЗ ОҒАН ӨКІНБЕЙМІЗ және
СЕНДЕРГЕ ТЕСІК ТИЫН ДА ҚАРЫЗ ЕМЕСПІЗ!
ӨТТЕРІҢ ЖАРЫЛСА ДА СОЛ."

#архивтен #манифесті


Figure of speech. Бүгін ағылшын тілінің қарапайым ауыз-екі сөзіне кезек берсек, яғни "old man" - қара шал, бай ( Пәленшенің байы", "менің байым" дегендегі, әлгі)...,
Үйдегі кісі, кемпір, қатыны - "Old lady".
Әміркендер әйелдерін сыртынан кейде "old lady" дейд.
Кім болса соны емес, өз әйелін астарлап солай айтад.
Кәрі болуы міндет емес, жай біздің қазақ та "кемпошкам", " қатекең, үйдегі кісі" дейді ғо ауызекі, сол сияқты. "Үйдегі бәйбіше" дегенге де келед.

Бірақ бұл - қарабайыр стиль, үлкен жиында айтатын әдеби немесе ресми сөз емес.

Айтпақшы, "кемпір" деген "пірі кем" дегеннен шыққан, "шал" - деген жаман сөз" дегенді сіз де оқыған не естіген боларсыз.
Бұл — уацап арқылы жалпақ жұртқа тарап, той-томалақта тамадалар жиі айтып жүрген әңгіме сенсация қуған, жын буған жүгірнәлистердің очеркінен туған кезекті қыртыған аңыз.

Әрине, лордтар мен герцогтар айтулы отырыста әке-шешесі мен жұбайларын "old lady/old man емес Mr. Mrs немесе "Ma'am" деп атағаны секілді, қазақтың "кемпір-шалы" асқақ әдеби стильге жатпайды.

"Қария", "ақсақал", "кейуана" деп, немесе "Жолдасым" деп айтады ондайда.

Бірақ, әлгі заржақ жүрнәлис айтқандай "пірінен айрылған жалмауыз" немесе "ешкімге қадірі жоқ кәрі мыстан" деген мағынаны ешуақытта білдірген емес, білдірмейді де))

Ондайды білдірсе, оған "жалмауыз", "мыстан"- сөзін қосып әуре болмас еді үнемшіл қазақ.

Жай ғана қарабайыр сөйлеу стилі. Көпшілік жиында "Түгеншенің қатыны" деген ерсі, ал жүзітаныс, ет-жақын ортада ауызекі тілде "қатын", "кемпір", "шал", "байы" деп айта береді.

Кемпір - парсы тілінде қарт, қарияны деген сөзден келіп, қыпшақ тілдерінде өңі айналып, қарт әйелдің атауына айналған.

Тамырдан ажыраған кей қазақтар кейде сол тамырдың сипаттарын ойдан құрастырып, айда аспанға шығаратынына таңым бар. Бұндай псевдодәстүр, квазиэтимологияға құштар әрекет, әсіресе, көненің көзін көрген, Кеңес өкіметіне дейін өмір сүрген қарттарымыз азайғанда белең алып барады.
Оларға "қыртыма" деп отыру, 19 ғасыр қартының көзін көрген әрбір қазақ үшін міндет болуға тиіс 😂

Сондықтан, егер жеті атаңыз Шыңғысханнан тараған Төре руынан болмасаңыз, бұл сөздерге кіжініп, астамсымай-ақ қоюға болады.
Қарапайым қазақтың 99 пайызына от басы ошақ қасы әңгімеде "кемпір" мен "шал"- деген атауды қолданудың еш ерсілігі жоқ.


Una combinacion de palabras😂:

En inglès: ~Things went south.

En ruso: ~Дела пошли наперекосяк /(к чертовой матери).

En kazajo: ~ Іс насырға шапты.


Ағыс, ағым, ағын үшеуі де орыстың - течение, ток, поток деген сөзінің эквиваленті. Бірақ техникалық тұрғыда мағыналары бөлек бұлардың.

"Ағын" - сын есім болса, ағып жатқанды білдіреді, мыс.: ағын су, ал зат есім болса — ағу қасиеті тән затты айтады, то, что течет, текучее, текущее, поточное.

"Ағым" - ағу бірлігі, - яғни санауға келетін ағып жатқан зат не ағу бағыты, тұтам, жұтым, сауым, шаптырым деген сияқты, ағымды да бір ағым, екі ағым, т.б санауға болады...

Вахаббизм - мысалы, діннің бір ағымы)

Ал ағыс - ол ағудың қарқындық сипаты. Жүріс, тұрыс, деген сияқты. Яғни қалай ағып жатқаны. Ағу күші, жылдамдығы.

Беталды бірінің орнына бірін жазуға болмайды, орысшасы поток екен деп.

#ағыс #ағым #ағын


Дей тұра, құнары жоқ канцелярия тілі соншалықты жаман да емес.
Жаттанды жазып, жаттанды сөйлейтін адам, жаттанды ойлай бастайтыны болмаса, аузыңды жиде жегендей қылып, тамағыңды қақсытып, тіліңді кептіретін құрғақтыққа төзуге де болар ма еді.

Дипломатия тілі терезесі тең Хан-Патшалардың бір-біріне хат жазуынан басталғаны сияқты, қорғаныс пен қауіпсіздік тілі де қолбасыға, патшаға, қарабайыр әскерилердің есеп беруінен шыққан. Бірақ, әскери салада әрекеттер қаншалықты жылдам және жойқын болса, әскери кеңсе тышқанының тірлігі соншалықты сақ. Барынша үрейге негізделген. Басты мотиватор ~ іс жүзіндегі нәтиже емес, бірдеңе бүлдіріп, байқаусызда өзіңе назар аудартып алмау. Барынша сақтық пен үрейге негізделген саланың бір жақсы жағы ~ сөздің табиғатымен ойнау арқылы, ақпаратты олай да, бұлай да бұратын қуақы адамдардан қорғайды.Осылайша, "Есіктен шыға бере құлап, білегін жырып алды" деген сөйлем мынандай бірдеңеге айналады "Заңды мекен жайына сәйкес орналасқан әкесінің атына тіркелген жерде қызыл кірпіштен соғылған бір қабатты ғимараттың сыртқы есігі арқылы аулаға шығу барысында биіктігі 2,5 см табалдырыққа сүрініп жердің асфальтталмаған, кедір бұдыры жоқ, бірақ тегіс те емес бөлігі мен денесінің оң жақ тұсы арасында орын алған гравитациялық қақтығысқа қатысып, нәтижесінде оң қолының шынтағының астынан дәрігерлердің тексеру құжаттары бойынша "жеңіл" деп бағаланатын жарақат алды."
Әлбетте, сендерді тым зеріктіріп жібермес үшін ойдан қосалқы шытырман сюжет қостым.
Бұлай құлау күнделікті бола бермейді. Ал есепті күнде беру керек.
#бъет_челом #премного_преблагодарен #нами_возбУждено




Алдыңғы әдемі жолдар кімге арналған деп ойлайсыз? Жоғарыдағы әнге жазылған пікір.




🕺
... A man with a microphone on an empty stage, no dancers, no backing band, no explosions or other "effects", just this man and his mesmerizing voice! (с)

"Mesmerizing" деген сөзді неге жақсы көрем? Себебі бұл сөзді әрдайым әртүрлі аударуға, жақсыға да, жаманға да қолдануға болады. Басқа көп реңкті "Process", "Operation" деген сөздерден айырмасы қай контекстке салсаң да, баламасы құрғақ сөз болып шықпайды.


Репост из: Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
❌ қобызда / домбырада ойнау

⁉️ играть на домбре

✅ қобыз / домбыра тарту

Показано 20 последних публикаций.