Байтал түгіл, бас қайғы дейтін бе еді. Сол айтпақшы, қат-қабат тірліктермен, QAZBILIM ұлттық лицейінің дамуы деп жүріп көптен бері білім саласындағы қабылданып жатқан шешімдер туралы жазуға шамам келмей кетті. Бірақ, сарапшы ретінде, білімнің, мектептің жанашыры ретінде кейбір шешімдерге ойымызды айтпасақ болмас. Ең алдымен азаматтығымызға сын. Екіншіден, ондай жобалар қабылданып кетсе, еліміздің білім саласының тұралауына алып келуі мүмкін.
1. Өзгертулердің бір бөлігі білім беру ұйымдарында тіл оқыту мәселесіне қатысты. Атап айтқанда, "Үш тілде білім беру" термині "көп тілді" білім берумен ауыстырылған.
"Көп тілді білім беру тілдерді кезең-кезеңімен немесе қатарынан бірнеше тілді оқыту негізінде: 1) мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, орыс және шетел тілдерін деңгейлік меңгеру; 2) қазақ, орыс және шетел тілдерінде сабақтан тыс іс-шаралар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады", – делінген жаңа мазмұнда.
Мектеп - ол базалық білім беретін жер. Қазірдің өзінде біздің мектептерде үш тіл, екі әдебиет оқытылады. Бұның сағат сандары мектептегі жүктеменің 40% -нан асады.
Сонда, басқа жаратылыстық және гуманитарлық білім негіздері, өнер және дене шынықтыру секілді пәндер жалпы 60%-ға жетпейді.
Кезінде бір мақаламда: біздің елдегі мектептер мектеп емес, тіл үйрету орталығына ұқсайды деп көрсеткен едім. Енді үш тілдің орнына көп тіл кірсе, онда мектептерді тіл үйрету орталығы деп өзгерте салу керек шығар.
Біріншіден, адамдардың тіл үйренуі өзінің қабілетіне және қызығушылығына қарай өз жеке шаруасы. Неше тіл үйренсе де әр адам өзі шешіп, өз мүмкіндіктерімен үйрену керек. Мемлекекет жұрттың тіл үйренуіне емес, базалық білім алуына жағдай жасау қажет.
Екіншіден, ең алдымен басымдылық математика, химия, физика, биология, география, информатика, Қазақстан және дүниежүзі тарихының базалық білімін бейіміне қарай тереңдете үйрету керек.
Өнер және спорт (денсаулығы үшін) бағытына да мән беру қажет.
Мектеп тек тіл үйрететін орталыққа айналмаған дұрыс.
Тіл қоғамдық құблыс, үйренгісі, дамытқысы келген адам кез келген жаста, кез келген уақытта тырысып үйренеді ниет болса…
Үшіншіден. Мектепке екі тіл (мемлекеттік тіл - қазақ тілі және шет тіл ретінде ағылшын тілі) сапалы үйретілу керек. Жалғыз әдебиет жеткілікті оның мазмұнына қазақ қаламгерлері және әлем классиктерінің қазақшаға аудармасы толық қамтылса, қазақ тілінде оқытылса жеткілкті.
Балаларға көп үйретем деп, асығып шала-шарпы үйретуден, аз да болса, анықтап нық үйрету абзал,- дейді ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Иә, біз қазір мектепте бәрін әкеп тықпалаймыз деп бәрін шала үйретіп, мектепте бала өзінің кім екенін білмей кетті.
Мектеп білім базасын қалыптастыратын орын екенін, сол бағытты ұстау керек екенін ескеру қажет.
Көп тіл деп ертең қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, қытай, жапон деп бұрқыратып, факультативтерді кіргізіп, тек ақша игерлетін сапасыз, сағаттарды көбейте ме деген алаң.
Ешкім өтіп қарық қылмайтын, бірақ, төленетін сағаттар біраз жерде көп онсыз да, оның саны артқанынан пайда жоқ.
Оның үстіне мектептегі қаптаған тілдің көлеңкесі ең алдымен қазақ тіліне келіп тиетіні ақиқат.
Жалғасы бар...
Келесі шешімдер келесі постта.