💬 Өткен сенбіде Иран аумағындағы әскери нысандарға әуеден шабуылдаған Израиль күштері Тегеран қолында қалған ресейлік үш С-300 зенит-зымыран кешенін жойған
Бұл туралы америкалық және израильдік шенеуніктер дерегіне сүйенген The Wall Street Journal газеті хабарлады.
🛢 Американың Соғысты зерттеу институтының (ISW) мәліметінше, С-300 кешендерінің бірі Тегеран әуежайы маңына қойылған, қалған екеуі энергетика инфрақұрылымы нысандарын – мұнай портын, мұнай өңдеу зауытын және табиғи газ кен орнын қорғап тұрған.
🇷🇺 Сарапшылардың сөзінше, С-300 кешендерінен айырылған Иранға зымыран шабуылы жасалатын болса, оның көптеген маңызды нысаны қорғансыз қалады. Ресейден жаңа С-400 зенит-зымыран кешенін алуға мүмкіндік жоқ, өйткені Мәскеудің өзі Украинамен соғыста барлық резервін пайдаланып жатыр.
❤️Азаттыққа жазылыңыз