Маңғыстау облысында белсенді Ұлболсын Тұрдиева “ұсақ бұзақылық” бабымен 5 тәулікке қамалды. Белсендінің өзі сот залынан шыққаннан кейін түсірген видеосында “Тоқаевтың “Жаңа Қазақстанында” сотқа келіп, ештеңе талап ете алмайсың. Бұзақы қылып қояды, қылмыскер қылып қояды” деп өзінің ұсталуын “саяси қудалау” деп атаған.
Сот қаулысында Ұлболсын Тұрдиеваның 28 қарашада Мұнайлы аудандық сот ғимаратында “жеке тұлғалардың намысына тиетін сөз айтып, өзгелерге құрметсіздік” көрсеткені жазылған. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамаған.
Одан бөлек, Астанада “билік өкілінің талабына бағынбады” деген айыппен белсенді Сандуғаш Қаңтарбаева 15 тәулікке қамалған. Бұл жөнінде “Белсенділер экстремист емес” тобы хабарлады. Бұған дейін белсенді Марат Мұсабаев пен Нұрбол Өнерханның да 20 және 15 тәулікке қамалғаны хабарланған еді.
Құқық қорғаушылар 16 желтоқсан қарсаңында белсенділерді қудалау күшейгенін хабарлаған. Ал билік өкілдері ақпаратқа түсініктеме берген жоқ. Жалпы ресми Астанада елде саяси қудалау барын жоққа шығарады.