БІРІНШІ БОЛ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


«Бірінші бол» (1bol.kz) ақпараттық агенттігі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетіне БАҚ ретінде тіркелген.
⚫️ Жарнама бойынша: @brunoofer

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Кештің басты матчы!

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Бүгін АПЛ-дың 17-туры аясында «Тоттенхэм» өз алаңында «Ливерпульді» қабылдайды.

🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿«Ливерпуль» барлық турнирлерде қатарынан 20 матч бойы жеңілмей, мықты формасын сақтап келеді. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Ал «Тоттенхэм» соңғы 10 ойында небәрі 3 рет жеңіске жеткен.

📺 Матч 21:30-да басталады. Тікелей эфирді «Бірінші бол» арнасынан тамашалаңыз!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⚽️Футболға құйылып жатқан қаржы - құмға сіңген судай.

📹Толық шығарылым


Қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов ойнайтын «Бешикташ» клубы Түркия Суперлигасының 17-туры аясында «Аланьяспормен» кездесіп, тең ойнады (1:1).

Flashscore.com статистикалық сайты бұл матчтағы әрбір ойыншының өнеріне баға берген. Оның ішінде Зайнутдинов те бар. Жерлесіміз «Бешикташ» сапында негізгі құрамда алаңға шығып, 70-минутта оны өзге ойыншы алмастырды. Кездесу барысында қазақстандық Flashscore-ден 8,0 ұпай алған — бұл алаң иелерінің арасындағы ең жоғары, екі команда футболшыларының арасындағы екінші көрсеткіш.

Бұл маусымда Бақтиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында жеті матчқа қатысып, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Соның ішінде үш ойында Бақтиер кездесу соңында ғана алаңға шығып, тек бірнеше минут өнер көрсетті.


Кәсіпқой бокстан аса ауыр салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы болған украиналық Александр Усик британдық Тайсон Фьюримен өткен матч-реваншта жеңіске жеткен болатын. Дегенмен, Фьюри төрешілердің бұл шешімімен келспейтінін айтты.

Еске салайық, биыл мамырда өткен алғашқы кездесуде де украиналық жеңген болатын. Ол кезде де Фьюри төрешілер шешіміне наразылығын білдірген. Бұл жолы да әділетсіздіктің құрбаны болдым деп отыр.

«Мен екі жекпе-жекте де жеңіске жеттім. Бірақ, өкінішке қарай, маған екі жеңіліс жазылды. Мұнымен түк істей алмайтынымды білем, бірақ өлгенімше Усикті жеңгеніме сенімді болып өтем. Болары болды, сол үшін жылайтын мен жоқ», - деді Тайсон Фьюри жекпе-жектен кейін.


Айта кетейік, бұл кездесудің бәсіне WBC, IBO, WBO, WBA (Super) және The Ring чемпиондық белбеулері тігілген болатын.


Екі боксшы рингке шықты! Кім жеңіске жетеді?
Опрос
  •   Александр Усик🇺🇦
  •   Тайсон Фьюри🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
225 голосов


Достар!

🔴🟥📹Фьюри - Усик жекпе-жек кешін осы жерге басып көре аласыздар!

https://t.me/+WnqkFV2uP5JkMTky
https://t.me/+WnqkFV2uP5JkMTky
https://t.me/+WnqkFV2uP5JkMTky


Александр Усик пен Тайсон Фьюри Эр-Рияд аренасына келіп жетті. Бүгін олар көптен күткен реваншты өткізеді 🥊

Олардың рингке шығуы шамамен қазақстандық уақыт бойынша 3:00-де күтілуде. Тікелей трансляцияны біздің арнамыздан көріңіз!


Қазақстандық футбол клубтары халық ақшасын ашық «тонап жатыр»

📹https://youtu.be/dXqwLGeiwKM
📹https://youtu.be/dXqwLGeiwKM
📹https://youtu.be/dXqwLGeiwKM


Бұл түннің басты жекпе-жегін жіберіп алмаңыз!

🥊 Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында Александр Усик пен Тайсон Фьюри кім мықты екенін анықтайды.

📺 Тікелей эфирді 02:00-де «Бірінші бол» арнасынан тамашалаңыз!

Кімнің жеңісіне сенесіз? Комментарийде бөлісіңіз!


Бүгін кешке керемет матчты тамашалаңыз – «Барселона» мен «Атлетико» тартысы! ⚽️

🔝 Матч 22 желтоқсанда сағат 01:00-де өтеді. Тікелей эфирді тек FONBET-тен қараңыз!

📱 Сонымен қатар, достарымыз iPhone 16 ұтыс ойынын өткізуде! Қатысу үшін сілтемеге өтіңіз: http://www.fonbet.kz/s/GzyzLo

Ойынды да, мүмкіндікті де жіберіп алмаңыз!


Репост из: Kommentator_Maulen
🇰🇿 Марат Омаров – Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті

Астанада ҚФФ президентінің сайлауы өтті.

Дауыс беру қорытындысы бойынша 36 жастағы Марат Омаров ҚФФ президенті болып сайланды. Ол 34 дауыс жинады.

Марат Омаров – 34 дауыс
Алтай Даумов – 2 дауыс
Ербол Қайыров – 0 дауыс

@kommentator_maulen


🇰🇿 Тоқаев президент болғалы әкімдер үстел теннисі орталықтарын салудан «жарысып жатыр»

Бұрындары елімізде халықаралық стандарттарға сай үстел теннис орталықтары саусақпен санарлық болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің осы спортқа әуес екенін көрсеткеннен кейін өңірлерде жаппай үстел теннисі орталықтары ашыла бастады. Бұл президентке жағыну ма, әлде расымен де заман талабы ма?

Толығырақ


🇰🇿 Шавкат Рахмоновтың алдағы жекпе-жегіне қатысты сарапшы жағымсыз болжам жасады

TheWeasle Youtube-каналы UFC-дің жартылай орта салмақтағы файтері Шавкат Рахмоновты (19-0) америкалық Белал Мухаммадтан (24-3) жеңіледі деп санайды.

Айта кетейік, қос файтер биыл 7 желтоқсанда чемпиондық титул үшін төбелесуі керек еді. Алайда, аяғына жара шыққанын айтқан Белал жекпе-жекті кейінге қалдырды.

«Белалдың Шавкатпен өткізетін жекпе-жекте басымдығы болады. Оның жылдамдығы мен күші қарсыласына қарағанда мығым. Шавкат Иэн Гарримен болған жекпе-жекте сәл болмағанда жеңіліп жаздады. Қазақстандық файтер жаттығу жиынында Белалмен шығамын деп күреске дайындалған болар. Егер Гэрридің орнында қылқындырған сәтте Белал немесе Брэди, тіпті Бернс болғанда Шавкаттың жағдайы әлдеқайда қиын болар еді. Белалды жеңу үшін Рахмоновқа жалғыз соққысы жеткілікті бола ма? Шавкаттың тейкдауны қаншалықты жақсы?», - деп жазды канал авторы.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🥊Серік Сәпиев пен Рой Джонс бірге жаттығу жасады

Серік Сәпиев Қарағандыда бокстан өтіп жатқан ел чемпионатын тамашалауға келген кіші Рой Джонспен бірге жаттығу жасады.

Олимпиада ойындарында жүлде алған қос боксшы шаршы алаңға шығып, Серік Сәпиев бапкерлік міндетті атқарды. Ал өткен жылы Тайсонмен шаршы алаңға шыққан Рой былғары қолғапты киіп, бірақ соққы жұмсады. Көпшілік талқысына түскен бейнежазбаны Серік Сәпиев әлеуметтік желіде бөлісті. Вэл Баркер кубогын иеленген қос боксшының әрекетіне көпшілік жылы пікір білдірген.

Айта кетейік, Серік Сәпиев 69 келіде Лондон Олимпиадасында чемпион атанса, Рой Джонс 1988 жылы Сеул Олимпиадасының күміс медальін иеленген. Соған қарамастан оған Вэл Баркер кубогы табысталды.

Сондай-ақ, кіші Рой Қазақстанға бұған дейін де бірнеше рет келген. Сонымен бірге, оның Серік Сәпиевпен тығыз байланыста екені жиі айтылады.


Репост из: FONBET Kazakhstan
🔥💥 Рахмоновтың бірегей мерчін ұтып ал! 20 желтоқсан күні бот кездейсоқ түрде жеңімпазды таңдайды. Келесі арналарға жазылу: FONBET Kazakhstan, Соққы және гол!, БІРІНШІ БОЛ, E.Maulen

✅ Осы жазбаның астындағы «НОМАД» батырмасын басу



🔥💥Выиграй уникальный мерч Рахмонова! 20 декабря бот случайным образом выберет победителя. Подпишись на каналы: FONBET Kazakhstan, Соққы және гол!, БІРІНШІ БОЛ, E.Maulen

🇰🇿 Нажми на кнопку «НОМАД» под этим постом 👈


«Сылтау айтатындардың қатарынан емеспіз». Айтжанов Сәкен Бибосыновтың не үшін жеңілгенін айтты

Жақында Таиландтың Чиангмей қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында 51 келіде ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов ширек финалда жеңіліс тапқан. Жеке бапкері Мырзағали Айтжанов соның себебін түсіндірді.

«Көбісі біле бермейтін шығар, бірақ біз сылтау айта беретін адамдар қатарынан емеспіз. Ұлттық құраманың бас бапкері, дәрігері де жағдайды түсініп отыр. Өйткені жеңіске жете алмауына бір-екі жағдай себеп болды. Рингке шығар алдында жарақаты болды. Сондықтан біз жоспарлағандай өнер көрсете алмады. Енді қайтадан қатарға қосылып, елдің мерейін асқақтата береді», - деді Мырзағали Айтжанов.

Айта кетейік, Бибосынов ширек финалда 22 жасқа дейінгілер арасында Азия чемпионы, өзбекстандық Асылбек Джалиловтан жеңілді. Жалпы отандасымыз соңғы жылдары өзбекстандық боксшылардан айласын асыра алмай жүр. Бірнеше жыл Өзбекстанның екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбай Дусматовпен жұдырықтасып, кейінгі кездесулердің барлығында ұтылды.


🥊 Ломаченконың үлкен спорттан кеткені туралы ақпарат жалған болып шықты

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы, украиналық Василий Ломаченконың спорттық мансабын аяқтады деген ақпарат жоққа шығарылды.

Бұл туралы ақпарат бастапқыда журналист Майкл Бенсонның Х желісіндегі 1219 оқырманы бар сатиралық парақшасында жарияланған. Алайда журналистің негізгі парақшасында 315 мың оқырманы бар әрі ол мұндай шынайы ақпараттарды ғана жариялап келген еді. Бірақ журналист бұл аккаунтын The Ring журналына желтоқсан айында сатқан. Қазіргі уақытта бұл парақашаға Сауд Арабиясының адамдары иелік етеді.

Василий Ломаченко биыл мамыр айында IBF нұсқасында әлем чемпионы атанған болатын. Ол Аустралиялық Джордж Камбососты нокаутпен жеңген еді. Ал шілде айында боксшының менеджері Эгис Климас жыл соңына дейін демалатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Ломаченконың қазір бокс кешіне қатысуға аса ниетті емес екені айтылды. Ол сол себепті демалыс алып, отбасымен бірге уақытын өткізіп жүр. Спортшы үшін ақша басты мотивация емес көрінеді.

Сондай-ақ, промоутер Боб Арум боксшының жақын уақыттары шаршы алаңға оралатынын да айтады.

Ломаченко бұған дейін үш салмақта әлем чемпионы атанған. Оның салмағында басқа белдіктерді отандасы Денис Беринчик (WBO), америкалықтар Джервонт Дэвис (WBA) және Шакур Стивенсон (WBC) иеленген.


Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов тағы бір қызметке бара жатыр

Осы күні жер-жерде спорт басқармаларының басшылары ауысып жатыр. Енді Қостанай облысының спортының тізгінін бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов ұстауы мүмкін.

Ол жақында Туризм және спорт министрлігі жаңынан құрылған комиссия отырысына келіп, өз бағдарламасын таныстырған. Мерей Ақшалов әзірге Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры қызметін атқарып жүр.

Мерей Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Аягөз қаласында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келді. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері. 2013 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы. 2010 жылғы әскерилер арасындағы әлем чемпионы. 2013 жылдың Азия құрлығының ең үздік боксшысы. 2013 жылы Қазақстанның «Жыл спортшысы». 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Спорттық мансабында 60 және 64 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұдырықтасты.

Еңбек жолын Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері болып бастады. Кейін қалалық жоғарғы спорттық шеберлігі мектебі, спорт мектебі директорының орынбасары, директоры болып жалғастырды.

Ұлттық олимпиада комитетінде Ақмола облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болды. Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Одан кейін Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы болды.


Қазақ боксындағы «блат». Маржықпаевтың төбелескіш ағасы. «Өзбек» синдромы – Мұхит Амантаев

https://youtu.be/raihoK5-qxs
https://youtu.be/raihoK5-qxs
https://youtu.be/raihoK5-qxs


Бәрменқұловтың орнына келетін президент Черчесовті алып тастайды – БАҚ

20 желтоқсанда Қазақстан футбол федерациясының кезектен тыс президент сайлауы өтіп, жаңа басшы сайланады. Сосын жаңа президент бірден ұлттық құраманың бас бапкерін ауыстырады деп жазады KazFootball.kz порталы.

Басылымның ақпараты бойынша, федерация президенті кім болғанына қарамастан бірінші кезекте бас бапкерді ауыстырады. Өйткені жаңа басшыға осындай міндет қойылмақ.

Ресейлік бапкермен келісімшартты экс-президент Әділет Бәрменқұлов 2024 жылдың маусымында екі жылға жасасқан еді. Бейресми ақпараттарға сенсек, егер келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылса, ҚФФ Черчесовке 1 млн еуро көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Айта кетейік, 20 желтоқсанда сайлауға қатысатын төрт үміткер бар. Алғашында алтау болғанымен, кейін екеуі қатардан шығып қалды.

Показано 20 последних публикаций.