Бокстан әлем чемпионы Мерей Ақшалов тағы бір қызметке бара жатыр
Осы күні жер-жерде спорт басқармаларының басшылары ауысып жатыр. Енді Қостанай облысының спортының тізгінін бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Мерей Ақшалов ұстауы мүмкін.
Ол жақында Туризм және спорт министрлігі жаңынан құрылған комиссия отырысына келіп, өз бағдарламасын таныстырған. Мерей Ақшалов әзірге Астанадағы Қ.Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің директоры қызметін атқарып жүр.
Мерей Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Аягөз қаласында (қазіргі Абай облысы) дүниеге келді. Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері. 2013 жылғы әлем чемпионы, Азия чемпионы. 2010 жылғы әскерилер арасындағы әлем чемпионы. 2013 жылдың Азия құрлығының ең үздік боксшысы. 2013 жылы Қазақстанның «Жыл спортшысы». 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы. Спорттық мансабында 60 және 64 келіге дейін салмақ дәрежесінде жұдырықтасты.
Еңбек жолын Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдіскері болып бастады. Кейін қалалық жоғарғы спорттық шеберлігі мектебі, спорт мектебі директорының орынбасары, директоры болып жалғастырды.
Ұлттық олимпиада комитетінде Ақмола облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы бастығының орынбасары болды. Ақмола облысы Шортанды ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Одан кейін Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты Спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы болды.