📸Бауыржан Момышұлы атамыздың сирек кездесетін суреті.
📌НАҒЫЗ ҒАЛЫМ МІНЕЗІ
✅ «Алматы» шипажайы. Мезгіл кіші бесін. Аспанды сұр бұлт тұмшалап алған. Күздің салқын самалы еркелей қойны-қонышыңа еніп, мойныңа асылып мәз. Баукең екеуміз жасыл аллеямен жоғары-төмен қыдырыстап
жүрміз.
- Ақжан Машанов деген ағаңды білуші ме едің?
- Әл-Фараби бабамыздың еңбектерін бірінші зерттеуші кісі ғой. Қазақ ССР-і Ғылым академиясының мүше-корреспонденті.
- Дұрыс. Сол кісі де осы шипажайда демалып жатыр. Кешкілік серуенде екеуміз оңаша сырласып жүрміз. Ақаңның ғылымға шын берілгенін мына айтқан шағын
болады.
Ауыл ақсақалы кітап қолтықтап келе жатқан жастан:
- Сені қызықтыратын нәрсе мал ма, әлде ғылым ба? - деп сұрапты. Сонда жас жігіт:
- Әлбетте, мені қызықтыратын нәрсе - ғылым. Ол өзімен достасқан жанды тек жақсылыққа жетелейді. Ертеңін ойлаған адам ғылым иесімен, бүгінін ойлаған адам мал иесімен дос болады, - депті. Жас жігіттің / менің шамалауымша, ол Ақаңның өзі болуы да мүмкін/ осы жауабын ауық-ауық шәкірттерімнің естеріне сап, ой бөлісіп отырамын…
Тағы бірде:
- Бауыржан, жоғары оқу орнында оқытушы болып істейтін көршім: «Әл- Фараби туралы жазып жүрген кітабыңыздың бір жеріне менің де аты- жөнімді қосып қойсаңызшы, тарихта қалайын» деп өтінді" - деп әңгіме айтты.
- Қостыңыз ба?
- Оған былай дедім: «Сен өтірік айтасың, ұрлық жасайсың, ал Әл-Фараби бабамыз өтірік айтпаған, ұрлық жасамаған. Қалай қосамын? Олай етсем, ұлы баба аруағынан ұят болмай ма?»
Қандай әділ жауап, ә?! Мен жорта, не дер екен деп:
- Бүгінгі Әл-Фараби менмін! - дедім даусымды көтеріп.
- Болсаң, боларсың, Бауыржан, саған айтар дауым жоқ. Себебі, Әл-Фараби ештеңеден қорықпаған, - деді шын көңілімен. Күліп жібердім де: - Көке, естуімше, Қанекең /Қаныш Сәтпаев бірде туған аулына барып, ауылдастарымен кездесіпті. Сонда бір танысы аяқ-қолын жерге тигізбей мақтаса керек. Ол кісі сабыр сақтап, ыңғайсыздана езу тартып: «Мені бекер мақтайсыз, мен өзімнен үлкен ағамның ширегіне де келмеймін» -деген екен. Қанекең айтпақшы, маған Әл- Фарабимін деу-астамшылық, - дедім. - Бізге ол кісінің лайықты ұрпағы бола алсақ та жетіп жатыр…
Ақаң қуанғаннан мені құшақтай алды. Нағыз ғалым мінезі…
📌«МЕН - ХАЛҚЫМНЫҢ БАУЫРЖАНЫМЫН»