📌КЕЗ КЕЛГЕН ЖАЗУШЫ
✅Баукең ұйықтайтын бөлмесінде жауар бұлттай түнере қабақ түйіп, ойға шомып отыр екен. Қырынбапты. Көйлегінің жағасы алқа-салқа, үстіңгі түймелері салынбаған. Бөлме іші жиналмаған. Есіме Бекбосын атамның: «Адам қартайғанда өзі ғана емес, күнделікті түтынып жүрген мүліктері де қартаяды» - деген сөзі түсіп, еріксіз езу тарттым. Баукең ішкі ойымды сезіп қалғандай:
- Әр жолығыстың әртүрлі маңызы бар, - деп сұқ саусағын шошайтты. - Ана сусар бөрік шифоньердің үстінде неге жантайып жатыр, неге өз орнына қойылмаған? Сырын аша білсең, бұл оқырман үшін қызық деталь. Әр көрініс ой тудырады. Мысалы, мен көйлекшең жатырмын. Театрға бармаймын. Галстук тағып, сызылып не керек? Жиналыста не мейрамханада отырғаным жоқ. Осындай әр детальды таба сұрыптай білсең, ұтасың. Соған көбіміз түсінбейміз.
Сұрыптау - жазушы өнеріне қатысты. Әркім оттай береді. Соның керегін ғана сұрыптап алу керек. Стенограмма - не литература. Жазушыға сөзбе- сөз тізіп жазу қажет емес. Мың сөзден сұрыптап ұғымды бір сөз ала білуің керек. Журналистердің көбі бұған шорқақ. Ал жазушылар керекті жерінде, керекті кезінде/ сүқ саусаған шошайта көрсетті/ журналист жүгін арқалай алады. Кейбіреу әліне қарамастан: «Газетке жазып жүрмін. Не, мен одан кеммін бе? Мен де жазушы боламын» - дейді. Бұл оның басты қатесі. В. И. Ленинге: «Сіздің мамандығыңыз кім?» дегенде, «журналистпін» деген. Ол кісі жазушымын деп еш уақытта ойламаған. Оны кейбіреулер формальды жауап бере салған деп түсінеді. Бұл дұрыс емес. Ол кісі жауапты ойланып берген.
B. И. Ленин роман, повесть, әрі-еріден кейін очерк жазған жоқ. Ол кісі саяси пікірталасын жазып, Маркс ілімін дамытты.
Кейбіреу В. И. Лениннің журналистпін дегенінің негізін түсінбей, өзінше менсінбегенсиді. Түсінген адамға оның сыры тереңде. Мысалы, ол ойын халыққа дәл, анық жеткізу үшін журналистиканы құрал етті.
Михаил Кольцов өзін жазушымын деп санаған емес. Кітабын оқып шық. Кез келген жазушы олай жаза алмайды. Ол халықаралық деңгейдегі журналист.
Ұлы Илья Эренбург те: «мен жазушы емеспін, журналистпін» деген. Михаил Кольцов секілді ол да неміс, ағылшын, испан тілін білген. Осы екі ұлы кісі өздерін жазушы боламыз деп ойламаған, айтқан да емес. Ал әрқайсысы өз орнында тұрып, жазушыдан кем емес. Кез келген жазушы оларға қызығады.
📌«МЕН - ХАЛҚЫМНЫҢ БАУЫРЖАНЫМЫН»