Енді өңір әкімдері спорт басқармасының басшыларын өздері тағайындай алмайды
Өйткені спорт басқармаларының басшыларын тағайындау үшінТуризм және спорт министрлігі жанынан арнайы құрылған комиссияның келісімін алу керек. Министр Ербол Мырзабосыновтың басшылығындағы комиссия әр үміткерді өз талаптары бойынша сараламақ.
Президент Тоқаевтың өзі әрбір өңірде спорт түрлерін дербес дамытуды шешетін өңірлердің белсенділігін сынға алып, спорт саласындағы басқару жүйесін қайта реттеу керек деген нақты тапсырма берген еді ғой. Сол тапсырманы орындау үшін аталған министрлік осындай комиссия құрған.
Комиссия үміткерлерден спорт саласындағы мол тәжірибе, нақты даму жоспары және тіпті спорт ғылымы мен менеджмент саласында жеткілікті білім болуын талап етеді. Сөйтіп бұрын өзіне ұнағанын қойып үйренген жергілікті әкімдіктер өздерінің қалаған кандидаттарын емес, тек комиссияның оң қорытындысын алғандарды ғана тағайындай алады.
Шындығында, жаңа министр тек спорт федерацияларын ғана емес, өңірлердегі спорт басқармасының басшыларын да шаңын қағатынға ұқсайды. Енді жаппай тағайындалу бола ма, әлде облыс әкімдігі бұған қарсы бола ма, көрейік. Егер шынымен спорт басқармаларын тағайындауға министрлік араласып жатса, демек министр Мырзабосыновтың күшіне енгені де.