Футболдың өгей ұлы
Винисиус Джуниор өткен аптада Ла Лигада хет-трик жасады. Үш голдың үшеуі бірінен-бірі өтетін әдемі.
Ал бүгін Венесуэлаға пенальти соға алмапты. Болып тұрады енді, катастрофа емес қой.
Мен бұрын бұл жігітті ұнатпаушы едім. Реалфандардың біразы жақтырмайтын. Бірақ соңғы 3-4 жылда қатты өсті. Жылдамдық, дриблинг, мергендік, бәрі бар. Жан-тәнін салып шаршамай шапқылайтыны, еңбекқорлығымен жаулап алды.
Кезінде, Бразилиядан енді келіп, ойыны онша жүрмей жатқанда клуб сатып жіберер ме екен деген күдік болған. Сатпақ түгілі, 1 миллиард еуро межесінде клаусула қойып тастады.
Мбаппе сол қапталдағы орнын тартып ала ма деп едік. Жоқ, жолатпай қойды, өз позициясында үздік екенін даусыз дәлелдеді. Дәл қазір әлемде Винидің алдына түсетін ойыншы жоқ-ау сірә.
Бірақ адамға жағу қиын ғой. Қаралығы үшін бе, мінезінің алақұйындығы үшін бе, жақтырмайтындар бар. Тіпті, аулада ойнап жүрген балдар Винидің емес, Мбаппе мен Беллингемнің жейдесін жиі киеді. Беллингемнің екі қолын екі жаққа керіп тұра қалған сәтін, Мбаппенің қолын қолтығына қысатын жерін қайталап мәз болады. Себебі, ол екеуі бұған қарағанда красавчиктеу. Ойыны асып тұрған жоқ.
Ертегілерде үш баласын еркелетіп, төртінші біреуін шеттететін отбасылар болады ғой. Вини де соның кебін киіп жүр. Бірақ беті қайта ма десек, өршелене түскендей. Түбінде сондай балдар қиындықтың бәрін жеңіп, бай болып, барша мұратына жетіп жатушы еді).
Арнұр Асқаров (с)