Ресейлік спортшылардан құтыла алмай жатқанда тағы бір көрші елдің бапкері Қазақстанға келді
Биыл Париж Олимпиадасында бірден-бір нәтиже көрсеткен спорт түрі – дзюдо еді ғой. Соның өзіне ресейлік маман шақырып жатыр. Не үшін? Кімге керек? Жаз бойы Сметовтің бапкерін мақтадық. Ғалымжан ағаны құрамаға қосқан жоқ. Қызылордада Қален Қалиұлы деген тәжірибелі маман бар. Үш шәкірті халықаралық жарыстардан жүлде алып жүр. Ол да жоқ. Қарағандыда талай мықтылар жүр. Бірақ Ресейден бапкер шақырамыз? Кімге керек? Федерация, министрлік кімнің әрекеті бұл?
Енді, міне, Қазақстан дзюдо құрамасына консультант ретінде ресейлік маман шақырылды. Оның есімі - Роберт Мшвидобадзе. Спорттағы мансабын аяқтаған бұл маман ертеректе Елдос Сметовтің қарымды қарсыластарының бірі болған. Ол Сметовпен 6 рет кездесіп, оның төртеуінде отандасымыз басым түскен еді.
Сметовтен жеңілген спортшы енді Сметовке бапкер бола ма? Ол не үйретеді? Бұған дейін Қытайдың әйелдер құрамасында жұмыс істеген. Қытай қыздары әлемде сұмдық дзюдо державасы емес қой? Неге Ресейде ешкімге керек болмай қалғандарды топырлата беретін болдық. Мұның артында кім тұр? Жауап беретін адам бар ма?