📌 Ілім ізденушіге айтылған маңызды насихат
Үлкен ғұлама шейх Солих әли-Шейх (хафизаһуллаһ) айтты:
لو كل يوم تأخذ تفسير آية واحدة فقط، وحديثا وشرحه، ومسألة فقهية واحدة، فقط ثلاث في اليوم
اجتمع عندك في السنة كم؟
تفسير ٣٦٠ آية
وتفسير ٣٦٠ حديث في سنة
و ٣٦٠ مسألة فقهية...
كيف خمس سنين،عشر سنين؟
تُصبِح طالب علم.
«Егер күн сайын бір аяттың тәпсірін, бір хадистің түсіндірмесін және бір фиқһи (арам мен адал және ғибадат) мәселені алып, осы үшеуін ғана үйреніп отыратын болсаң, онда бір жылда сенде біршама білім жиналып қалады. Яғни, 360 аяттың тәпсірін, 360 хадистің түсіндірмесін және 360 фиқһи мәселені білетін боласың. Егер бір жылда осынша білім жинасаң, онда бес жыл, он жыл жиналатын білім қандай болмақ десеңші?! Сөзсіз, ілімі мол ілім ізденушіге (шейхқа, ғалымға) айналасың».
📚الأجوبة والبحوث (٥/٣٠٣).
———————
Сол сияқты Құран мен хадис жаттағысы келетіндер де күніне бір аяттан және бір хадистен тоқтамай жаттап отыратын болса, онда бірнеше жылдарда Құранды толық жаттап біткен қариға және біршама хадис кітаптарды жаттап шыққан хафизға айналатын болады. Алайда, адамдарды бұдан тосатын нәрсе – бір аят пен бір хадисті азырқанушылық. Себебі адам баласы Аллаһ Тағала айтқандай:
﴿وَكَانَ ٱلۡإِنسَـٰنُ عَجُولࣰا﴾.
﴾Адам баласы – тым тағатсыз﴿.
Исра сүресі, 11-аят.
Сондықтан, барлық білімді бір сәтте алғысы келеді. Сосын бір күнде бірнеше аят, біршама хадис жаттап, кейін көптеген айлар бойы жаттай алмай кетеді. Сөйтіп соңында ештеңеге қол жеткізбейді.
Ал, негізінде сол өтіп жатқан уақыт бәрібір де өтіп жатыр. Арамызда намаз бастағандарына он жылдан, жиырма жылдан асқандар бар. Бірақ та Құранды толық жаттау былай тұрсын, тіпті Құранды арабша оқи алмайды. Сол үшін Араб елдеріне барып, бір күнде, бір жылда ғалым болып кетемін деген қияли сеніммен емес, өмірге шынайы көзбен қарай білу керек. Барлығын бүгін және аз-аздан үздіксіз режимде бастаңыз!!!
Хадисте келгендей:
أَحَبُّ الْأَعْمَالِ إِلَى اللهِ تَعَالَى أَدْوَمُهَا وَإِنْ قَلَّ.
«Аллаһқа ең сүйікті амалдар – аз болса да, жалғасымды болғандары».
📚 Бұхари; (5861), Муслим; (783).
#paidaly_maqala #bilim
🔗 https://t.me/bilim_baqshasy