🔖 ШАРИҒИ ІЛІМ АЛУҒА ҚАТЫСТЫ ӘЙЕЛДЕРГЕ АЙТЫЛҒАН ӨТЕ ҚҰНДЫ МОТИВАЦИЯ
Имам Мухаммад Бәшир әл-Ибраһими (рахимаһуллаһ) айтқан:
إن المرأة المسلمة يجب أن تتعلّم، ويجب أن تتهذب، لكن بشرط أن يكون ذلك في دائرة دينها وبأخلاق دينها، وأن الإسلام ضمن لها حقوق الإنسان كاملة، وحاطها من جميع الجهات بما يجبر ضعفها الطبيعي، وأقرّها في أحضان البرّ والتكرمة بنتًا وزوجًا وأمًّا، وهي أطوارها التي تجتازها في الحياة، وحدّد لها الوظيفة التي حدّدتها لها الفطرة، وهي أشرف الوظائف الإنسانية بل هي الإنسانية في أول مراتبها، وأعطاها من الماديات والمعنويات ما لم تعطها شريعة سماوية ولا قانون وضعي، وألزمها أن تتعلّم كما ألزم الرجل أن يتعلّم، لأنه سوّى بينهما في التكاليف، والتكاليف لا تؤدّى إلا بالعلم، وأوجب عليهما العشرة، والعشرة لا تصلح إلا على العلم وجعلها مغرسًا للنسل، وغارسة للخصائص فيه، ومتعهّدة له بالسقي والإصلاح، وكل هذا لا يتمّ إلا بالعلم، وإذا كانت تربية النحل والدود تفتقر إلى العلم، فكيف لا تفتقر إليه تربية الإنسان؟ فإذا جهلت المرأة أتعبت الزوج، وأفسدت الأولاد، وأهلكت الأمّة.
«Әйел адамға білім алу және өз-өзін тәрбиелеу – уәжіп. Алайда, оның білім алу жолы – шариғат шеңберінде болуы тиіс. Ақиқатында, Ислам діні – әйел кісінің адамдық құқықтарының барлығын түгелдей сақтаған және оның табиғи болмысындағы әлсіздігінің орнын толықтыратындай етіп оның жағдайын барлық жақтан толықтай қамтыған. Сондай-ақ, әйел кісінің осы өмірдегі барлық кезеңдерінде, яғни, ол қыз, әйел және ана болған уақыттың барлығында оны игілік пен құрметтіліктің құшағында тербеткен. Және оған табиғи болмысына сай келетін қызметтерді бекіткен. Расында, ол қызметтер – адами қызметтердің ішіндегі ең құрметтісі, тіпті адамгершіліктің ең биік мәртебесі деуге де келеді. Әрі Ислам діні әйел кісіге ешбір заң мен ешбір дін бермеген материялдық және мағыналық мүмкіндіктерге жол ашқан. Сол себепті, ерлерге білім алуды қалай уәжіп қылса, әйелдерге де білім алуды солай міндеттеген. Өйткені, Ислам діні – құлшылықтар мен ғибдаттарды орындау мәселесінде ерлер мен әйелдердің арасын теңестірген. Ал, құлшылықтар мен ғибадаттарды (дұрыс әрі қабыл етілетін көріністе) орындау – айналып келгенде білімге келіп тіреледі. Сонымен қатар, Ислам – ерлі-зайыптыларға көркем түрде ғұмыр кешуді парыз қылды. Ал, көркем түрде ғұмыр кешу – тек білімнің арқасында болмақ. Сондай-ақ, Ислам діні әйел затын нәсіл (ұрпақ) шығаратын ұлы кеңістік және сол нәсілге жақсы қасиеттерді сіңіретін, оны дұрыс нәрселермен суарып оған дұрыс тәрбие беретін ұлы тәрбиеші етіп тағайындады. Міне, осы ұлы қызметтер мен үлкен жауапкершіліктің барлығы тек білімнің нәтижесінде ғана жүзеге асады. Шын мәнінде, егер бал арасы мен жібек құртын үйретудің өзі сол саладағы білімді талап ететін болса, онда адамды үйрету, оны дұрыстыққа тәрбиелеу жайында не деуге болады?! Ал қашан әйел адам діннен хабары жоқ болатын болса, онда бірінші кезекте күйеуін шаршатады, сосын балаларын бұзады және соңында бүтіндей бір үмбетті құрдымға кетіреді».
📚 Әл-Әсәр; (4/49-50).
#paidaly_bilim #мотивация #әйелдерге_насихат
———————
🔗 https://t.me/bilim_baqshasy