Көптен ойымда жүрген жобаны бастадым🤩
Ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететін КӨКЖИЕК жобасының ұйымдастырушысымын. Бұл жоба жеке мақсаттар мен армандарға жету үшін қажетті чек-лист, жоспарлау әдістері, жұптық және топтық жұмыстар, пайдалы әдеттер, шығармашылық әдістер, командалық байланыс, өзіңе есеп беру құралдарын ұсынады.
Жобаны бастауға түрткі болған : нәрсе жеке ізденісім. Бұрын мен де өмірімде үлкен өзгерістер жасағым келді, бірақ неден бастау керектігін білмей қиналдым. Көптеген кітап оқып, тәжірибе жинап, нақты жоспар құру арқылы мақсаттарыма жетуді үйрендім.
“Бірақ Бөлінгенді бөрі жейді, көпті құдай сүйеді” демекші, даму жолында жүрген адамдарды бір ортаға жинап “Көкжиек” жобасын құруды шештім. Бұл жоба — адамдарға пайдалы болу үшін жасаған қадамым.
Жобаның басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтарға негізделіп, адамның жан-жақты дамуына бағытталуы. Басқа марафондардан айырмашылығы – жекеленген даму емес, бірге дамуға, командалық байланысты нығайтуға және нетворкингті күшейтуге мүмкіндік береді.
Болашаққа жоспар: Көкжиек жобасын кеңейтіп, заманауи әдістемелер мен технологиялар арқылы бүкіл Қазақстандықтарға қолжетімді еткім келеді. Бұл жоба жеке тұлғалардың бөлек ұйымдардың да дамуына ықпал ететін мәдени феноменге айналса деп сенемін.
Көкжиек – бірге дамудың күші. Бір адамның өзгеруі – бүкіл ортаға, кейін қоғамға әсер етеді. Бірге даму арқылы ұжымдық жетістіктің мәнін түсініп, жеке де, ортақ нәтижеге де қол жеткіземіз деп сенемін.