botaserikqyzy


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Өзіңмен өзің бол, жеңіл өмір сүр🍃
https://t.me/bota

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


3-курста балмұздақтар үшін жазған жазбам:

Менің есімім Ботагөз . СДУ университетінде 3-курсты повышкада оқып аяқтадым. Мамадығым: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімімін. Сенің менторың ретінде cтуденттік уақытыңды жарқын өткізуің үшін 5 кеңесім:

1)Универге түсу Ұлы арманның 1 бөлігі ғана болу керек . Егер универге түсу жалғыз арманың болса, өте көп ожидания /реальностьтар; а что дальше деген ойлар болады және 4 жылдық уақытың бос өткізуің мүмкін. Ал Үлкеен арманың болса, оған жетуің үшін алдымен ҰБТ-тапсырдың ✅, енді сабақтарымды осы үшін оқимын, осымен айналысамын деген қайда бара жатқаныңды білетін мықты адам боласың.

2)Сен таңдаған мамандық пен универге 1-2 жыл бұрын түскен адамдармен онлайн болсын танысып ал. Мысалы , СДУ-да қазақ тілі, әдебиет пәні мамандығында оқығың кеп тұр. 2023 білім беру гранттары иегерлерінің тізімін қарап, сол мамандыққа түскендермен инста арқылы танысып, кеңес сұрап ал. Универге түскен кезде саған
көмек беретін адамың болады

3)Сабаққа 100% дайындал, бірақ алған бағаң сенің көңіл-күйіңе мүлдем әсер етпесін. Универде шамамен 7-8 сабақ болады,барлығын 95+ ке жабу оңай. Ол үшін сабақ оқитын ортаң болуы керек.

4) Көп адамдармен аралас. Көп танысың болуы үшін өзіңе ұнаған универдің клубтарына жазылуды және алғашқы семестр (СДУ-дікіндей😂) жатақханада тұруды кеңес беремін.

5)Тірлік үшін жұмыс істеме. Абайша айтсам: “Аш адамға білім ғылым қайдан болсын”-дейді. Басқалардан қалмайын деп, бар уақытыңды жұмысқа арнайтын болсаң, білімнің қонуы екіталай. Курьер, официант болуды ойыңа да алма! Одан да бос уақытыңда жаңа қабілеттеріңді дамыт, себебі болашақта әрбір қабілетің үшін ақшаң көбейе береді. Ағылшын үйрен, спортпен айналыс, кітап оқы!

Ең бастысы қандай деңгейде жүрсең де, тәжірибелі кісілердің кеңесін ал. Дамуға байланысты контенттерді парақшамнан таба аласың ➡️ @botaserikqyzy


Сері жігіттер мен бикештерге арналған жобаның қатысушысы болғығыңыз келсе, пікірге “+” жіберіңіз


Көптен ойымда жүрген жобаны бастадым🤩

Ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, жастардың жан-жақты дамуына ықпал ететін КӨКЖИЕК жобасының ұйымдастырушысымын. Бұл жоба жеке мақсаттар мен армандарға жету үшін қажетті чек-лист, жоспарлау әдістері, жұптық және топтық жұмыстар, пайдалы әдеттер, шығармашылық әдістер, командалық байланыс, өзіңе есеп беру құралдарын ұсынады.

Жобаны бастауға түрткі болған : нәрсе жеке ізденісім. Бұрын мен де өмірімде үлкен өзгерістер жасағым келді, бірақ неден бастау керектігін білмей қиналдым. Көптеген кітап оқып, тәжірибе жинап, нақты жоспар құру арқылы мақсаттарыма жетуді үйрендім.

“Бірақ Бөлінгенді бөрі жейді, көпті құдай сүйеді” демекші, даму жолында жүрген адамдарды бір ортаға жинап “Көкжиек” жобасын құруды шештім. Бұл жоба — адамдарға пайдалы болу үшін жасаған қадамым.

Жобаның басты ерекшелігі – ұлттық құндылықтарға негізделіп, адамның жан-жақты дамуына бағытталуы. Басқа марафондардан айырмашылығы – жекеленген даму емес, бірге дамуға, командалық байланысты нығайтуға және нетворкингті күшейтуге мүмкіндік береді.

Болашаққа жоспар: Көкжиек жобасын кеңейтіп, заманауи әдістемелер мен технологиялар арқылы бүкіл Қазақстандықтарға қолжетімді еткім келеді. Бұл жоба жеке тұлғалардың бөлек ұйымдардың да дамуына ықпал ететін мәдени феноменге айналса деп сенемін.

Көкжиек – бірге дамудың күші. Бір адамның өзгеруі – бүкіл ортаға, кейін қоғамға әсер етеді. Бірге даму арқылы ұжымдық жетістіктің мәнін түсініп, жеке де, ортақ нәтижеге де қол жеткіземіз деп сенемін.




Путеводитель мусульманки” кітабын оқып миым жарылып жатыр🤯

Бұл кітаптан қазіргі әлемнің мұсылман әйеліне және оның принциптері мен өмірлік бағыттарына қаншалықты күшті әсер етіп жатқанын түсінудемін.

Бұрын өзім фиминизмге қызықпаймын да, фиминист емеспін деп те жүретін едім. Мына кітаптан феминизм, либерализм, нарциссизм туралы алғаш естіп, “ бұның белгілері менде бар ғой🥹” деп ішкі әлемімнің қайта өзгеруіне себепші болды.

Бір ғана “Женская нарцизм” деген тақырыпты бөлісейін.

Нарциссизмнің негізгі белгілері:
1. "Завышенная самомнение" - "өзін-өзі тым жоғары бағалау" немесе "шектен тыс өзіне сенімділік". Бұл адамның өз қабілеттері мен маңыздылығын объективті деңгейден әлдеқайда жоғары деп бағалауы. Мұндай адамдар көбінесе өз пікірін дұрыс деп санап, басқалардың ойларын менсінбеуі мүмкін.
2. Өзімшілдік — басқалардың қажеттіліктері мен сезімдеріне мән бермей, тек өз мүддесін ойлау.
3. Сын көтере алмау — кез келген сыни пікірді ауыр қабылдайды, тіпті ол орынды болса да.
4. Мақтау мен құрмет күтеді, өзгелердің назарын жиі іздейді.
5. Эмпатияның болмауы — басқалардың сезімдері мен жағдайларын түсінуге және олармен жанашыр болуға қабілетсіздік.
6. Өзін өзгелерден артық көрсетуге тырысады — білімді, мәдениетті немесе беделді болу мақсатында күрделі сөздер немесе терминдерді орынсыз қолданады.
7. Тым сәнқой немесе ерекше болуға ұмтылады — тек назар аударту үшін артық әрекеттер жасайды.
8. Күрделі, бірақ шынайы емес — басқаларды таң қалдыру үшін күрделі, бірақ шынайы емес идеялар немесе стильдер қолдануы мүмкін.
9. Көңіл бөлуді талап ету — ерекше назар мен құрметке лайықты деп ойлайды.
10. Өзін үнемі жәбірленуші ретінде сезіну — адам барлық қиындықтарды басқалардың әрекеттерінен немесе сыртқы факторлардан көреді,үнемі біреуді кінәлайды.

Нарциссизм қалыпты деңгейде өзіне сенімділік пен өзіне деген сүйіспеншілікті білдіруі мүмкін, бірақ шектен тыс болғанда, бұл мінез-құлық қоғамда және жеке қарым-қатынастарда қиындық тудыруы мүмкін.

Одан бөлек тәкаппарлыққа алып келуі мүмкін. Сол үшін өзімде бар белгілермен жұмыс істеймін деп шештім. Кішіпейілділік, жомарттық деген секілді қасиеттерді бойыма сіңіргім келеді


Ерте тұрып үйреніп жүрмін
Таңғы уақытта сол күнім жақсы өтуі үшін өзіме ұнайтын істерді жоспарлаймын.

Ал күн ортасында біреу менің көңіл-күйімнің бұзылуына себепші болса қатты ашуланамын. Бірақ ойларым қанша біреуден қателік іздеп тұрса да, өзіммен саналы түрде тілдесіп, жаман ойлардан тез арылғым келеді. Себебі, жағымсыз көңіл-күйде ұзақ жүрген ұнамайды.
Ол үшін маған GPT өте жақсы көмектеседі. Әрбір сезімімді нақты жазып шығарамын. Сұрақтарымды қоямын. Не қалаймын , соны сұраймын.






Үздіксіз спортпен айналысып жүргеніме 1 апта болыпты, осы қарқыннан талмайын🔥


Еріншектіктен қалай арылып жүрмін?

Бір тапсырманы орындай алмай, бастай алмаған кезде: “жақсы жүрегімді тыңдайын , өзіме ұнамай, соңына дейін қиналмайын” деп тастап қоя саламын. Бір істі соңына дейін апара алмауым—ол іс “менікі емес “ дегеннен емес, еріншіктігімнен екен.

Жалқаулығымның әсерінен жауапкершілігім де азайып бара жатқанын түсінген сәтте өз-өзіммен жұмыс істеуге кірістім.

Бір жұмысқа кірдім. Сол жұмысым мені комфорт аймағымнан шығарғанда, көп қателіктер жіберген кезде, орта жолда: "Бұл жұмыстан да шығамын," — деген ой келді. Бірақ ол жұмыстан шықсам, өзімді тағы да жауапкершілігі төмен деп санауыма себеп болады деп, жұмысымды аяғына дейін жеткіздім. "Менің қолымнан келді" деген мақтаныш сезімі бойымды кернеді.

Бүгін де сол сезімді сезіндім. Бұрын күндік жоспар жазғанда, оның кейбірін орындамай, уақытымды бос істерге жұмсап кететінмін. Ал бүгін өзіме 5 тапсырма беріп, бәрін орындап, рахаттанып отырмын.
"Неге бұл істі жасауға ерініп тұрмын?" — деген сұрағыма: "Бұл іс маған қиын болып көрінеді," — деген жауап алдым. Бұған екі түрлі шешім таптым. Біріншісі — ерініп тұрған ісіңнің күнделікті 1%-ын ғана орындау. Екіншісін мына цитатадан таптым: "Мы не смеем не потому, что задача трудная. Эта задача трудна от того, что мы не смеем."
Осылайша, соңғы күндері "құрбақа" болып жүрген жоспарларыммен қоса, сүйікті тамағымды да пісіріп, тіпті бұл жазбаны да жазып үлгердім. Енді ертеңге жоспар құрайын.


271020_114226_ghnsov-s-aan-ser-1-tom-2003.pdf
7.9Мб
Ал бұл кітапты оқу арқылы Ақан серімен қоса сол замандағы қазақ мәдениетін таныдым😍


Без названия 2.pdf
2.7Мб
Алғашқы бөлімдерінде кітап қатты ұнай қоймаған, соңғы бөлімінде неше түрлі сұрақтар пайда болып, бұл кітап мені қызықтырып, кітапты аяқтасам да әрі қарай не болар екен деген жұмбақ бір күйге әкелді. Осы бір жұмбақтылығымен маған ұнады 10000/10🔥


Алғашқы күн, 3 мақсатымның орындалуы үшін мен не істедім?

1 Чекаптан өту мақсатым: толық тексерістен өтетін емхана таптым✅
2 Идеальная фигура деген мақсатым: 40 минут тренировка істедім. https://youtu.be/WtjYCYdIyT4?si=hknGohA3R_pX_3Ki
3 Сапалы ұйқы : кеше 23:00 төсегіме жаттым. Бірақ 2 сағат ұйықтай алмадым. Сүйтімп, ұйқымнан кеш тұрғаным бар🫣.


Осы жылы оқыған кітаптарым.Кейбір кітаптардың электронды түрде оқыдым, керек болса жіберемін🫶🏻


2024 аяқталуына 3 ай / 12 апта қалыпты

Осы жолы фокусты денсаулығыма қойғым келеді. Мақсаттарым

1. Толық чекаптан өту
2. Фигурамның 90-60-100 болғанын қалаймын
3. Сапалы ұйқы (7,5 сағ) таңнан кейін ояу болу

12 аптада осы 3 нәрсе менде болса, 2024 мен үшін жетістікке толы жыл деп санай аламын.


Ең қиыны бастау.

Ұзақ үзілістен кейін ой түбіндегі асыл тасты шертіп шығарғым келді.

11-сыныпта рухани білімді енді алып бастағанда “көзім ашылып, әлемді басқаша қырынан көріп” өмірімде үлкен өзгеріс болып еді. Қазір 4-курс білім деңгейім толысып, 2-ші рет көзім ашылып жатқандай.

Әрдайым өзгеріске, дамуға ұмтыламын. 2024 жыл мен үшін өз ішкі әлеміме үңілген жыл болды, өзімді одан әрі танудамын. Бұрын өзімді тек жақсы жағымнан көріп, жақсылығымды ғана көрсете беретін едім. Қазір қай жерден қателік жібергенімді де байқап, маған не қажет екенін сезіп ,барынша қателікпен жұмыс істеуге тырысып жүрмін.

Өзімде, ойларымда трансформация болып жатқанын сезіп жүрмін. Сол үшін шынайы ойларымды осы жерге шығаруды жөн санадым.


Разминка перед тренирока міндетті түрде https://youtu.be/dvkozMW37Qc?si=j0msH8dqhj_KEphN

Утренняя разминка https://youtu.be/DG_54GH_SHg?si=dZIgK7MCj--yWfmZ

Бұл каналдың жаттығуларын жиі істеп тұрамын. Тренировка на все тело + заминкасы болғаны үшін ұнайды ➡️https://youtu.be/2zJVTMSHfkQ?si=H7VI0poOR6RRTxEf

Терлеп жаттығу істегенді ұнатамын , ол үшін осы каналды таңдаймын: https://youtu.be/btnAP-_GXtU?si=nsCmz4OPgKPNMhwO

Каналдың ерекшелігі қазақша әуенмен, жаттығулары да қатты ұнады https://youtu.be/9LNG58fpb-c?si=exfObd05qCXUf_xe

Маған ұнаған тренировка для ягодиц https://youtu.be/5jRjsuRbs60?si=5ynoD5rqmbextaU-

Әр жаттығуды түсіндіретін болғаннан кейін бұл канал ұнадаы : https://youtu.be/MCH3yKnsTeg?si=QwuWi0VQbPqdtDGU

Бұл әйелдің энергетикасы ұнайды, как будто өзімді гимнастика сабағындамын деп сезінемін: https://youtu.be/bsJ_j8m2uZU?si=ctunRuBnHDtl1Lck




Тренировка істеп болғаннан кейін міндетті түрде заминка, растяжка жасау керек. Әлі көңілімнен шыққан заминканы кездестірмедім. Вау дегенде , жіберем




1 ай спортпен айналысып не өзгерді?

Алғашқы тренировканы бастау қиын болды. Көп күндер созып жүрдім. Сол уақытта өзімді әлсіздік басып, басым айналып көзім қарауытатын, тамаққа аппетит жоқ (ондай менде болмапты). Сүйтіп қанша энергия болмаса да, 6 маусым бастадым… 1 сағат тренировка істеп , өзімді өте жеңіл сезіндім😮‍💨 Это того стоит дедім. Спортпен айналысудағы мақсатым денсаулығым мықты, фигурный, гибкий болу еді.Алайда ол результатты бірден көрмейсің. Бірақ алғашқы тренировканы істеп болғандағы сезім үшін күнде спортпен айналысқым келді.

апатасына 3 рет силовая тренировка істесем, аптасына 4 рет гимнастикамен айналысам. Себебі, сондай гибкий, одан сайын майысқақ болғым келеді. Гимнастиканы әзірше арқаға және шпагатқа отыруым үшін істеп жүрмін. Процесс қызықтырақ

Мен салмақ қосқым келеді, бірақ ішіме емес😂 Әзірше тамақ шектемеймін , кез келген тамақ жей беремін . Себебі, тамақ ішпесем басым ауырады. Бірақ жай-жай құнарлы тамаққа ауысуым керек.

1 ай спортпен айналысып энергия көтеріліп, ішкі күйім жақсарып қалды. Әрине тәнімде де өзгерістер бар. Ендігі ай рационымнан кейбір зиянды тамақтарды алып, жаттығуымды күшейткім кеп тұр.



Показано 20 последних публикаций.