🧮 Ұлттық банк валюта нарығындағы теңгерімділікті арттыру мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валюталық түсімдерінің 50%-ын міндетті түрде сату талабын қайта енгізгелі жатыр
Бұл туралы 18 қарашада ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 500 теңгеден сатылып, осыған қатысты түсініктеме берген Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтты. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы мен Ұлттық банктің осы сипаттағы бұйрығы әзірленіп, жақын күндері қабылданғалы жатқанын жеткізді.
ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары соңғы уақытта ішкі және сыртқы факторлардың жиынтығы теңгенің әлсіреуіне алып келгенін баса атап өтті.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance

“Бұған дейін бұл талап 2023 жылдың тамызына дейін қолданыста болған, алайда макроэкономикалық жағдайдың өзгеруіне байланысты уақытша тоқтатылған еді. Сонымен бірге, бұл талап шоктарды бәсеңдету үшін жедел қолдануға болатын тиімді құрал болып табылады", - дейді ол.