❗️Kaspi.kz акционерлеріне 2024 жылдың III тоқсаны бойынша дивиденд төлей бастады
🍋🟩Бір жай акцияға 850 теңге мөлшерінде дивиденд төленуде. Алайда, KASE-де финтех компания жариялаған құжатта дивидентке қатысты жалпы сома нақтыланбаған.
Биржада орналастырылған акциялар санына (199 500 000 дана) сүйенсек, ол 169,6 млрд теңгені немесе III тоқсандағы таза кірістің 62%-ын құрайды деп болжауға болады. Осы кезеңдегі қаржылық есептілікке сәйкес, Kaspi.kz 274,4 млрд теңге табыс тапқан. Тура осындай соманы отандық компания өз акционерлеріне 2024 жылдың I және II тоқсандарында да төлеп үлгерген: I тоқсанда шамамен 223 млрд теңге, II тоқсанда — 243 млрд теңге. Ағымдағы жылдың тоғыз айында компания 740,4 млрд теңге табыс тапты.
Қазіргі уақытта Kaspi.kz-ның ірі акционерлері Михаил Ломтадзе (21,53% үлес), Вячеслав Ким (20,39% үлес), сондай-ақ 23,78% үлесімен Baring Vostok қорлары болып табылады. Қалған акциялар пакеті миноритарийлер арасында өзара таратып алынған.
Арнаға тіркелуді ұмытпаңыз👇
https://t.me/dalafinance