Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты:
− Өзім асырап, есігіме салған құлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай енді менен ат дәметеді.
Би жалшыға сөз беріп:
− Кәне, сен сөйлеші, - десе, әлгі жалшы өте момын, жалтақ болса керек, байға жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал, бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:
Аяққа кісен салуға болар,
Қолға кісен салуға болар
Ал, тілге кісен салуға болмас, - деп жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті.