Лұқпан Хакім
Бірде иесі Лұқпан құлға мал сойып, етінің ең дәмді жерін әкелуді бұйырады. Алланың атымен құнан қойды бауыздап, терісін іреп, етін сүме-сүме, жілік-жілікке бөліп болғаннан кейін, қойдың жүрегін жарғағынан, тілін бүрінен тазалап, иінін қандырып асып, піскеннен кейін қожайынының алдына қояды.
Қойдың дәмі тіл үйіретін жұмсақ жерінен ауыз тиген қожайын Лұқпанның сезімталдығына, ақылдылығына тәнті болады.
Тағы бірде қожайыны Лұқпанды шақырып: "Енді қойдың етінің ең жаман, дәмсіз жерін алып кел", - деп бұйырады.
Лұқпан Хакім тағы да кетпен құйрық құнан қойды ақсарбас айтып шалып, ерекше ықыласпен жіліктеп, қойдың жүрегі мен тілін тазалап, тағы да қожайынының алдына қояды.
- Уа, Лұқпан! Өткенде қойдың ең дәмді жерін алдыма қой дегенімде, жүрегі мен тілін алдыма әкеп едің. Бұл жолы қойдың ең жаман, дәмсіз жерін әкел десем, тағы да жүрегі мен тілін ұсынып отырсың. Мұның сырын ұқпадым, - дейді
Сонда, Лұқпан Хакім:
- Уа, қожайын! Дұрыс айтасыз. Мен екі әміріңізді де екі етпей, алдыңа жүрек пен тілді қойдым. Себебі, мал екеш малдың жүрегі мен тілі таза болса, оның ең қадірлі мүшесі осы екі мүшесі. Керісінше, жүрегі мен тілі таза болмаса, ең дәмсіз жері де осы екеуі болмақ. Осы екі мүше таза болса, адам түгілі Құдайдың құзырында жүрек пен тілден бағалы ештеңе болмайды, - деп жауап береді.